Сөздәйектер галереясы
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов
Студенттер Alageum Electric зауытында
Еңбек күні аясында инженерлік және сандық технологиялар факультетінің студенттері Alageum Electric Петропавл электротехникалық зауытына барды. Қырықтан астам болашақ инженерлер мен радиотехниктер өндіріс процесімен танысты.
Бұл зауытпен біздің университет берік серіктестікке ие. Білім алушылар ақы төленетін тәжірибеден өтіп, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін пайдалана алады. Дуальды білім беру де белсенді түрде енгізілуде. Жоғары сапалы мамандарды даярлау саласында ғана емес, ғылыми жобаларды іске асырып, ынтымақтастықты жалғастыратын болады.
27.09.2023
