"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

Қазақстан чемпионатының тұғыры - біздікі!

Қозыбаев университетінің спортшылары 18-20 жас аралығындағы жазғы көпсайыстан (полиатлоннан) Қазақстан чемпионатына қатысуын сәтті аяқтады. Жарыс Қостанай облысының Лисаков қаласында 25-30 мамыр аралығында өтті. Полиатлоншылар бессайыста бақ сынасты: спринт 100 м, кросс 3000 м, сонымен қатар ату, жүзу және граната лақтыру.

Нәтижесінде Есман Аркади (гр. ФКС-21-1) 3 орын алды. Хамзин Арсенге (гр. ФКС-21-1) күміс бұйырды. ҚР чемпионы педагогика факультетінің студенті, гр. ФКНВП-21 Никита Изотов! Ол спорт шеберінің нормативін орындады!

Білім алушылардың жаттықтырушысы - Наумов Александр Владимирович. Жыл сайын біздің студенттер қысқы да, жазғы да көпсайыста жақсы нәтиже көрсетеді. Бұл тәлімгердің еңбегі, сондай-ақ, ол жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын лайықты жеңістерімен  құттықтаймыз!

05.06.2023