Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Қозыбаев университетінде MBA бағдарламасын іске қосу
Қазіргі заманғы басқарушылық білім мен дағдылар, бизнес-ортада еркін бағдарлау, стратегиялық шешімдер қабылдауда тиімді. Білім алушылар алдында мұндай мүмкіндікті Алматы менеджмент университетімен (AlmaU) серіктестікте ЖОО-да ашылған "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" – MBA бағдарламасы ашады. Бұл бағдарлама жоғары және орта буын басшыларына, бизнес иелеріне арналған.
Бірінші қабылдау 18 адамды құрады. Оқу 2 жылға созылады. Осы уақыт ішінде олар 79 кредитті игереді, яғни 23 пән. Сабақтар жаңа оқу-зертханалық корпуста өтеді. Серіктес жоғары оқу орындарының педагогтары мен бизнес-жаттықтырушылары сабақ береді.
AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева жиналғандарды құттықтады: "Бұл бірегей бағдарлама, өйткені оны екі университет бірлесіп жүзеге асырады. MBA нарығында мұндай ынтымақтастық әлі болған жоқ. Бүгін AlmaU-да осы бағдарлама бойынша 1000-ға жуық адам оқиды. Әлемде мұндай мектептер көп емес".
Университетіміздегі MBA артықшылықтары:
– Бағдарламаның қазақстандық нарық жағдайына бейімделуі;
– Ыңғайлы оқыту форматын таңдау: модульдік, кешкі, weekend;
– Оқытушы-практиктердің консалтингі;
– Бизнес-байланыстарды кеңейту, танысу және т. б.
Біздің университетте MBA бағдарламасына қабылдау жыл сайын жүргізіледі
