"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

Педагогикалық факультеті - спорттағы ең үздік!

Қызметкерлер мен ПОҚ арасында «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған спорттың 8 түрінен 9 команда күш сынасты. Құрамалар шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі , арқан тартыс дартс,суда  жүзу, тоғызқұмалақ сайыстарынан сынға түсті.

Спартакиаданың алғашқы күні қызу басталды. Қарсыластарының мықтылығына қарамастан ТЭжҚФ ойыншылары жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсетіп тоғызқұмалақтан 1-орынға табан тіреді.Зияткерлік  ойында да  дес бермеген  шахмат майталмандары ТжӘИ 1-орынға лайық деп танылды.

Жарыстың келесі кезеңін шымыр шыныққан ПФ құрамасы  сәтті жалғастырды. Нәтижесінде волейбол, дартс, арқан тартыс және жүзуден топ жарды. Шағын футболдан, үстел теннисінен АФ қалыс қалмай 1-орынға жайғасты. 

Командалар шеберліктерін көрсетіп, бір-біріне беріспеді. Қатысушылар өз командалары үшін аянып қалған жоқ.  Осылайша, жалпы командалық есепте алға басып озған ПФ 1-орынды, қарсыластарынан   жинаған ұпай саны басым болып 2-орынды АФ  иеленсе, 3-орын тұғырына  ИСТФ көтерілді.

Жарысқа қатысушылар, жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды.

20.01.2023