"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Жүсіпбек Аймауытов

2023 жаңа жылына саяхат

Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталды. Түрлі түсті шамдар, жарқыраған шырша, университет  өнерпаздарының да жаңажылдық бағдарламасы оқытушылар мен қызметкерлерді қуантты. Студенттеріміз қойылым кейіпкерін сомдап, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, өңірімізге танымал өнер адамдары қатысып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Ал көрермендер сүйікті кейіпкерлерімен қосылып ән шырқап, би билеп, мәз-мейрам болды.

Биыл Аяз-ата мен Ақшақар, қазақ ертегісінің айшықты кейіпкері -Алдар көсенің қызықты оқиғаларымен байланыстырылған қойылым ұсынылды. Жаңа жылдық бағдарлама аясында кейіпкердің жиынтық бейнесі сомдалып, көрермендер алдар көсенің болмысы арқылы көңілдерін көтерді. Бағдарлама соңында өз өнерін көрсеткендерге сыйлықтар таратылды.

27.12.2022