Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Жүзушілерден мықты анықталды
Республика күніне орай жүзуден университет біріншілігі оқу ордамыздың 60-қа жуық студенттерінің басын қосты. Үміткерлер 50 метрлік қашықтықта еркін жүзу әдісі бойынша күш сынасты.
Нәтижесінде жеке сайыста, үздіктер қатарын мына қатысушылар толықтырды :
1 орын - Давид Вишняков ИСТФ, Милана Бескровная ПФ
2 орын -Артем Литвиненко , Арина Юрасова ПФ
3 орын Никита Изотов, Ангелина Кудрявцева ПФ
Жеке жүзуден кейін студенттер 4*50 м қысқа қашықтықта аралас эстафетада жарысты. Факультеттерден бақсынаушылар арасынан екі ұл және екі нәзік жанды тартысқа түсті.
Сонымен суырылып Педагогикалық факультет құрамасы алға шықса, 2 орынға ИСТФ командасы қол жеткізді, 3 орын ТжӘИ құрамасының еншісіне тидi
Құттықтаймыз!
