"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

Министр Саясат Нұрбек білім саласындағы өзгерістерді мәлімдеді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет оқытушыларымен және қызметкерлерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын талқылады. Негізгі тақырып еліміздегі жоғары білім беру саласы мен оның дамуы. Саясат Нұрбектің айтуынша: «Қазірдің өзінде бірнеше өзгерістер жоспарланған. Басты себептердің бірі – 30 жыл ішінде ғылым мен жоғары білім саласын қаржыландыру, инфрақұрылым, ресурстар және білім сапасы тұрғысынан өзгерді».

Министр студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жоспарланып отырғанын, эндаумент қорлары не үшін қажет екенін, сараланған гранттар қалай бөлінетінін және т.б. түсіндірді. Сондай-ақ, ол ғылымды дамытып, кеңінен насихаттауға баса назар аудару керектігін айтты.

«Биыл мұнда 7 аймақтан өтініш білдірушілер келген. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алғаш рет өңір мектептерін бітірген түлектердің өзге елдің оқу орнын таңдау пайызы төмендеді. Қос диплом бағдарламасының жүзеге асуы, жастарды тартуда үлкен серпін береді», – дейді Саясат Нұрбек.

Шара барысында университет ұжымын негізінен жаңа аккредиттеу стандарттары мен оқытушылар мәртебесін өзгерту мәселелері қызықтырды.

07.09.2022