Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Университетте алдағы референдум талқыланды
Референдум аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеріне алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колоданың университет басшылығымен және ПОҚ кездесті.
Депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды. «Біз еліміздің азаматтары ретінде өз құқықтарымызды жүзеге асыра алатын кез келді, ең бастысы, шешім қабылдау процесіне ел тұрғындары тартылады», - деді Ерлік Тайжанов.
Алдағы референдум мемлекетті демократиялық қайта құрудың маңызды қадамы. Конституцияның үштен бірі жаңартылады, оған 56 түзету енгізіледі. «Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген өзгерістер саяси жүйені өзгертуге және елдегі одан әрі қайта құрулардың негізін қалауға арналған.Бұл бастама барша қазақстандықтарды елді жаңартуға ынталандырады», - деді Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шұланов. Іс-шара ашық форматта өтті. Кездесу барысында қызметкерлер депутаттарға сауалдарын қойып, оларға дәлелді жауап алды.
