"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру

СҚО орман шаруашылықтарында «Жасыл Қазақстан»  ұлттық жобасына («Табиғат» бағыты бойынша) енгізілген ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде. Бағыт Қазақстан Республикасының аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуды көздейді. «Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ  «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» ББ студенттері  «Қызылжар орман шаруашылығы»  КММ-де ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Бағдарламаға қатысу студенттер үшін бірнеше міндеттерді шешеді: ағаш отырғызу технологиясын игеру, орман шаруашылығының жұмысымен танысу, отырғызу материалымен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын игеру, ұлттық жоба бастамаларының маңыздылығын түсіну және тағы басқалар.

29.04.2022