Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Шекарасыз ғылым
Халықаралық ынтымақтастық аясында бүгін Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жуйков Александр Геннадиевичпен «Қазіргі заманғы органикалық егіншілік жүйесіндегі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісі: тарихы, жағдайы, болашағы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.Дәріс барысында профессор өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, табиғи популяциялардың динамикасы, зиянды жәндіктермен күресудің биологиялық әдістері, фитофагтар мен өсімдіктердің өзара әрекеттесуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
