Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Сыбайлас жемқорлық, оның түрлері мен ұйымдастырылуы
|
Жыл сайын Агротехнологиялық факультет СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізеді. Биылғы жыл да ерекшелік емес, Zoom платформасында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Зайцева Светлана Николаевнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу «Сыбайлас жемқорлық, оның түрлері мен ұйымдастырылуы» тақырыбында ұйымдастырылды. Кездесу барысында ЖОО қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі, факультет оқытушылары мен студенттері емтихан сессиясын тапсыру бойынша өз пікірлерін білдірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бастамашылық жасалған жаңа тәсілдерді қолдады. Кездесу қорытындысы бойынша студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды. |
