"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Фортепиано музыкасының концерті

Шаһарда пианино орындаушының жеке концерттік кештері сирек өтеді. Классикалық туындылардың таңғажайып әлемін тыңдарманға жеткізу тек нағыз шебердің қолынан келеді. Біздің университетіміздің студенттері мен оқытушылары үшін Андрей Слезко үнемі шығармашылық кештерін өткізіп тұрады. Еңбек жолын оқытушы болып бастаған. Қазірде Музыкалық пәндер кафедрасының қызметкері және облыстық филармония әртісі.  

Андрей Слезко – тек музыкант қана емес, өнердің нағыз насихаттаушысы. Петропавлда танымал өнерлі отбасынан шыққан.

Фортепиано – бұл бүкіл оркестрді алмастыра алатын ерекше құрал. Андрей Анатольевич әуеннің тілін көрерменге дәл жеткізіп, әр нотаны тыңдаушының жүрегіне дөп түсіреді. Бұл күні ұлы неміс композиторларының музыкасы орындалды. Осылайша, пианист жиналғандардың ішкі әлемдерін байытып, әуезді әуеннің сырын шертті. Орындаушы классикалық музыканың мәңгілік екенін және әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпайтынын әр нотамен дәлелдей алды.

22.11.2021