"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

«Жеріміз – мақтанышымыз!»

Агротехнологиялық факультетте студенттерді ауыл шаруашылығы салалары мен қызметкерлерінің маңызын таныту және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 18-21 қараша аралығында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне» арналған эссе-байқауы  өтті. Байқауға 13 білім алушы қатысты, жұмыстар 2 тілде ұсынылды: қазақ және орыс ( 6 жұмыс орыс тілінде, 7 жұмыс қазақ тілінде). «Жеріміз – мақтанышымыз» эссе-байқауының қорытындысы:1 – дәрежелі диплом – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы, ЛРЛ-18 тобының студенті Агай Анастасия Сергеевна.2 – дәрежелі диплом - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы, ЛРЛ-18 тобының студенті Подлесный Алексей Николаевич.3 – дәрежелі диплом – «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасы, ТПП-19-қ тобының студенті Тұрғанбай Индира Асанғалиқызы.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



22.11.2021