"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Сәбит Мұқанов

АФ-те ашық есік күні

үгін Агротехнологиялық факультетте №17 қалалық мектептің оқушылары қонақта болды, біздің факультет Оқушылар сарайымен тығыз қарым-қатынас жасайды, үйірмелерге қатысатын оқушылардың ғылыми жобаларын сүйемелдейді. Балаларға ғылыми тәжірибелерді қалай құру керектігі түсіндірілді және «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы» зертханасында өз бетінше эксперименттер жүргізуге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, оқушыларды түрлі кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясымен таныстырды, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының технолог-студенттері жеке рецепт бойынша дайындаған өнімдердің  дәмін татты. Балаларды біздің университет қабырғасында студенттер қатарында көреміз деп үміттенеміз

19.11.2021