"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі; мұның бәрі – зор қоғамдық сипат.

Әлкей Марғұлан

«Герман-роман филологиясы» кафедрасы - үздік!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған нәтижелі білім беру тәжірибелерімен бөлісу және білім беру ұйымдарының көшбасшыларын анықтау мақсатында ҚР оқу орындары басшыларының қауымдастығы университеттер арасында «ҚР үздік кафедрасы – 2021» республикалық байқауын өткізді.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Герман-роман филологиясы» кафедрасы «Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазылар алқасы кафедраның жетістіктерін, жоғары нәтижелерін және әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ, «Герман-роман филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Кәкімова Майра Еренғайыпқызына байқаудың ұйымдастыру комитеті алғыс хат табыстады.

«Герман-роман филологиясы» кафедрасын жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

09.11.2021