"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

«Елбасы – ел тағдырында» лекторийі

21.11.2012. 1 желтоқсан күні еліміз ҚР Тұңғыш Президенті Күнін тойлайды.  Мереке қарсанында біздің университетте осы атаулы күнге арналған іс-шаралар өтуде.

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Зәуре Қартова оқытушылар мен студенттерге арналған «Елбасы – ел тағдырында» атты лекторий ұйымдастырды.

1991 жылдың 1 желтоқсан күні Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты бір ауыздан сайлаған еді. Содан бері еліміз талай оқиғаларды басынан кешкен.

Ішкі саяси тұрақтылық, ядролық қарудан бас тарту, ұлтаралық келісім - Республикамыздың визиттік карточкасы.  Президентіміз үнемі жастарға қолдау көрсетіп отырады.

Іс –шараға қатысушылардың пікірі бойынша, бүгін Қазақстан – үлкен табысқа жеткен және тұрақты ел. Бұл бүкіл халық қолдайтын біздің Президентіміздің сіңірген еңбегі.

23.11.2012