Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер байқауына қатысуға шақырамыз!
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде академиялық адалдық идеяларын ілгерілетуге арналған шығармашылық байқау басталды. Бұл – өзіңізді танытып, азаматтық ұстанымыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік!
Кімдер қатыса алады: университеттің барлық факультетінің студенттері
Формат: 5 минутқа дейінгі бейнеролик
Тақырыптар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адалдық, әділдік
Дедлайн: 2025 жылғы 18 қыркүйек
Ең үздік жұмыстардың авторлары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болады!
Өзіңізді көрсетіп, адал қоғам құруға үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Жұмыстарды @sanaly_urpaq_kozybayev директіне немесе WhatsApp: 8-771-081-62-12 нөміріне жіберіңіз.