"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Біз QS әлемдік рейтингіне ендік!
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алғаш рет беделді QS әлемдік рейтингіне енді, бұл білім мен ғылым саласындағы жоғары деңгейімізді дәлелдейді. Бұл – бүкіл ұжым үшін үлкен жетістік және халықаралық танылуға бастар жол!
Қос диплом - қос мүмкіндіктер!
Kozybayev University болашаққа шақырады! Біз Аризона (АҚШ) Университетімен бірлесіп, әлемдік деңгейдегі білім мен халықаралық перспективаларды ұсынамыз. Бағдарламаның басты бетінде қабылдау шарттарын біліңіз. Қабылдау комиссиясының телефоны 8(7152) 49-30-37.
Білім алу – ешқашан кеш емес!
Егер сіздің жасыңыз 50-де немесе одан көп болса – бұл тоқтауға себеп емес, керісінше, өмірдің жаңа бетін бастауға тамаша мүмкіндік. Күміс университеті Сізді қызықты курстарға шақырады: цифрлық дағдылардан бастап шет тілдеріне дейін, йогадан бастап шығармашылық шеберлік сабақтарына дейін. Біздің қауымдастыққа қосылыңыз және өзіңізден жаңа мүмкіндіктерді ашыңыз!
AI-Sana KU-де!
AI-Sana жобасы - болашаққа жасалған қадам. Бұл жерде студенттер тек жасанды интеллектті үйреніп қана қоймай, оны өздері де жасайды. Базалық курстардан бастап – стартаптар мен университетке нақты енгізуге дейін. Біздің жобалар.
Astana Hub ұсынған Startup Academy тегін курсы. Тіркелу сілтемесі.
Тұрақты даму
Kozybayev University тұрақты даму идеясын қолдайды және оны іске асыруға нақты үлес қосады. Біз қазіргі заманғы білім тек білім беріп қана қоймай, қоршаған ортаға, экономикаға және қоғамға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға тиіс екеніне сенімдіміз. Университет жаңа ұрпақты жауапты шешімдерге шабыттандыра отырып, осы бағыттағы жұмысын кеңейтуді жалғастыруда. Толығырақ.
Университеттің психологиялық қызметі
Бізде әркім кәсіби көмек ала алатын сенім кеңістігі бар. Сіз қандай жағдайға тап болсаңыз да, маңызды емес – алаңдаушылық, стресс, шаршау немесе жеке қиындықтар. Біз көмектесу үшін осындамыз. Біздің мекен-жайымыз: Бостандық көшесі, 6, 102, 103 ауд. (№1 жатақхана), ОЗК, 131 ауд. Телефон арқылы жазылу: +7 775 602 35 80.
Қозыбаев университеті Азиядағы ең үздік университеттердің қатарында! Kozybayev University
Қозыбаев университеті Азиядағы ең үздік университеттердің қатарында!

Қозыбаев университеті QS Asia 2026 рейтингінде сапалы көрсеткіш орнатты. 542 университет пен  қатысушылар саны артып, рейтингтік күрес айтарлықтай күрделенсе де, ЖОО өз позициясын сақтап қана қоймай, білім беру сапасының негізгі критерийлері бойынша серпінді өсім көрсетті. Бәсекелестіктің жаңа жағдайында Азияның 1526 ЖОО арасында 558 орын- университеттің даму стратегиясының тұрақтылығын растайды. Басты жетістік-өткен жылдағы негізгі көрсеткіштердің өсу қарқыны: * Жұмыс берушілердің бағасы 60% - ға өсті. * Зерттеулерді интернационалдандыруды бағалау (Халықаралық зерттеу желісі) 12 есе жақсарды. * Академиялық ұтқырлық (шығыс алмасу) 24,3-тен 49,4 баллға дейін рекордтық өсуді көрсетеді. QS World University Rankings: Central Asia 2026 аймақтық рейтингінде университет жалпы есепте 34 орында және Қазақстанның 44 ЖОО арасында 22 орында тұрып, мықты позициясын сақтап қалды. Биыл біз QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингіне ендік, онда еліміздің 20 жоғары оқу орны ғана ұсынылған. Бұл жоғары көрсеткішке университет ұжымының үйлесімді жұмысының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жан-жақты қолдауының, сондай-ақ халықаралық әріптестермен жемісті ынтымақтастықтың арқасында жеттік. Рейтингке қатысу-бұл жүйелі көзқарас пен ұзақ мерзімді стратегиялық жұмыс. Білім беру сапасына, зерттеулерді дамытуға және интернационалдандыруға бағытталған инвестициялар нәтиже береді. Қозыбаев университетінің студенттерін, оқытушылары мен серіктестерін құттықтаймыз!

читать далее
06 қараша 2025
Болашаққа арналған ғылым! Kozybayev University
Болашаққа арналған ғылым!

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында  «СҚО-да алықаралық Стратегиялық серіктестердің форумы аясында ҚР Президентіне таныстырылған Қозыбаев университетінің ғылыми жобаларын іске асыру» тақырыбында брифинг өтті. Интернационалдандыру және халықаралық бағдарламалар жөніндегі Басқарма мүшесі Мансұр Әлімханов атап өткендей, Қозыбаев университеті мен Аризона университеті (АҚШ) арасындағы стратегиялық ынтымақтастық қазақстандық жастарға әлемдік деңгейдегі білім алуға арналған бірегей мүмкіндіктер жолын ашты. «Ынтымақтастық нәтижесі  үш жыл ішінде университет пен аймаққа түбегейлі өзгерістер әкелді. Бүгінде Аризона университетінде 11 бірлескен және 5 қос дипломдық бағдарлама бойынша 1200-ден астам студент оқиды. Егер бұрын Қозыбаев университетінде негізінен Солтүстік Қазақстаның  студенттері оқыса, бүгінде біз еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ АҚШ, Қытай және Ресейден келген жастарды қабылдаймыз»,-деп атап өтті Мансұр Әлімханов. Серіктестіктің келесі маңызды кезеңі - бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу. Олардың қатарында Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің халықаралық форумында Мемлекет басшысының оң бағасын алған ғылыми жоба бар. Солардың бірі- «Қарапайым күкірттен инновациялық полимерлік материалдарды әзірлеу». Жоба Аризона университетінің профессоры Джеффри Пьюн басшылығымен жүзеге асырылады. Зерттеу тобының құрамында Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова да бар. «Қазақстан күкірт өндірісі бойынша әлемде жетінші орында. Біз бұл жобаны үш бағытта дамытуды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, агрокластер үшін күкірттен жоғары құнды пластмассалар мен минералды тыңайтқыштар өндіру. Күкірт полимерлерін мұнай-газ өнеркәсібінде және жер қойнауын пайдалануда металдарды алу үшін де пайдалануға болады», - деді Алтын Шаяхметова. Сонымен қатар, профессор Дмитрий Берилло брифингте университеттің Солтүстік Қазақстан облысының халық денсаулығын сақтау жөніндегі стратегиялық маңызды  міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде ірі жобаны жүзеге асыра бастағанын хабарлады. Жобаның мақсаты - су ресурстарын бақылау, тазарту және ұтымды пайдалану, сондай-ақ органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін жоғары технологиялық жүйелерді әзірлеу. Бағдарлама бес қосымша компонентті: сумен жабдықтауды гигиеналық және эпидемиологиялық тәуекелді бағалаудан бастап су айдындарын биологиялық қалпына келтіруге және су мониторингін цифрландыруға дейін қамтиды. Зерттеу университетте Солтүстік Қазақстан облысындағы су ресурстары, денсаулық сақтау және тұрақты даму бойынша академиялық шеберлік орталығын құруға негіз болады. Жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықтар сатып алынады. Сарапшылар тобына Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Қытай ғалымдары кіреді, бұл жоба озық әлемдік тәжірибелерді қамтитын болады.

читать далее
05 қараша 2025
Шабыттандыратын жастар! Kozybayev University
Шабыттандыратын жастар!

Университетте студенттермен ашық диалог форматында кездесу өтті. Қатысушылардың арасында қос диплом бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, соның ішінде халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысқан білім алушы бар. Жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан-академиялық білім беру аумағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті. Форумға еліміздегі шетел ЖОО филиалдарының студенттері қатысты. Олардың қатарына білім ордамызда «Басқарудағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқитын Аружан Ермұхан кірді. Ол Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды. Қозыбаев шаңырағында өткен кездесуде Аружан Ермұхан форумнан алған шабытымен бөлісті. Оның айтуынша, Қозыбаев университетінің Аризона университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларында оқу мүмкіндігі оның өмірін түбегейлі өзгертті: «Мектепте оқып жүргенде шетелге барып оқысам деп армандайтынмын. Петропавл қаласында американдық Аризона университетінің филиалы ашылғанын естіп, бірден Қазақстанда американдық білім мен екі диплом алуға бел будым. Мен үшін Мемлекет басшысымен жүздесу, Қозыбаев университетінің атынан сөз сөйлеу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл күн менің кәсіби әрі жеке дамуыма жаңа серпін мен үлкен мотивация берді». Студенттер, қос дипломды бағдарлама бойынша оқу туралы өз әсерлерімен бөлісті. Бойжеткен елімізде әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндіктері туралы қатарлас студенттерге үндеу жасады. Бүгінде Қозыбаев университетінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Қытайдан қандастар, АҚШ-тан, сондай-ақ Ресейден келген жастар оқиды.

читать далее
04 қараша 2025
Қозыбаев университеті мен Қазан федералды университеті күш біріктіреді Kozybayev University
Қозыбаев университеті мен Қазан федералды университеті күш біріктіреді

Әкім Гауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Татарстанға барды. Ресми сапар барысында тараптар өңірлер арасындағы өнеркәсіптік, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, цифрландыру, инновациялар және сауда салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар негізгі келісімдерге қол қойды. Делегаттар құрамында Қозыбаев университетінің өкілдері де бар. Ынтымақтастықтың жаңа маңызды кезеңі- Қазан федералды университетімен меморандумға қол қойылды. Құжат жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми өзара байланысты дамытуға мүмкіндік береді. СҚО әкімі Татарстан Мемлекет басшысының алға қойған міндетін - Қазақстанның негізгі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуде маңызды серіктес болатынын атап өтті. «Татарстан цифрлық трансформация мен инновацияның көшбасшысы ретінде бұл үдерісте маңызды серіктес болады. Ынтымақтастықты нығайту үшін Башир Рамеев атындағы IT-парк пен SKO hub арасында, сондай-ақ Қазан федералды университеті мен М.Қозыбаев атындағы СҚУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер бірлескен жобалар, IT-секторды дамыту және жоғары білікті мамандар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Гауез Нұрмұхамбетов

читать далее
04 қараша 2025
Ғылыми атағыңызбен құттықтаймыз! Kozybayev University
Ғылыми атағыңызбен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен «Компьютерлік ғылымдар және информатика»ғылыми бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы техника ғылымдарының кандидаты, АКТ кафедрасы профессорының ассистенті Кухаренко Евгения Владимировнаға берілді. Евгения Владимировна жобаларды басқарудың, Әлеуметтік және экономикалық жүйелерді модельдеудің ғылыми бағытын белсенді дамытады. Оның есебінде Scopus дерекқорына кіретін 50-ден астам ғылыми жарияланымдар бар. Сондай-ақ Erasmus+ KZ "Advanced Center for PhD Students and Young Researchers in Informatics (ACeSYRI)"халықаралық жобасын сәтті басқарды. Евгения Владимировнаны лайықты атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Отандық ғылым мен білімнің игілігі үшін одан әрі ғылыми табыстар, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

читать далее
03 қараша 2025
Мемлекет басшысы Қозыбаев университетінің Аризона университетімен серіктестігін жоғары бағалады Kozybayev University
Мемлекет басшысы Қозыбаев университетінің Аризона университетімен серіктестігін жоғары бағалады

Қозыбаев университетінің командасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан-академиялық білім беру аумағы»халықаралық стратегиялық әріптестер форумына қатысты. Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев Мемлекет басшысын Аризона университетімен бірлескен жұмыстың нәтижелерімен таныстырды. Президенттің бастамасы бойынша Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен білім беру бағдарламалары табысты іске асырылуда және біздің жоба осы қатарда лайықты орын алады. Бүгінгі таңда біздің бағдарламаларымызда Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ АҚШ, Қытай және Ресейден 1200-ден астам студент оқиды. Бұл серіктестік қазақстандық студенттерге білім берудің әлемдік стандарттарына қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ғылыми зерттеулерді дамытудың драйверіне айналды. Ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Аризона университетінің профессоры Джеффри Пьюн жетекшілігімен Қазақстанда күкіртті полимерлеу жөніндегі алғашқы зертхананы ашу болмақ. Зерттеулер қайта өңделген күкірттен жасалған инновациялық материалдарды әзірлеуге бағытталған, бұл Қазақстанға шикізат экономикасынан – экологиялық таза пластиктерді, тыңайтқыштарды және болашақ полимерлерді өндіруге қадам жасауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы негізгі міндеттердің бірі білім мен ғылымның экономиканың нақты секторымен тікелей байланысын қамтамасыз ету екенін атап өтті. «Қозыбаев университетінің Аризона университетімен серіктестігінің арқасында күкіртті инновациялық полимерлерге айналдыру бойынша озық технология әзірленді. Бұл күкірттің үлкен қоры бар еліміз үшін, өте маңызды жоба. Бұл жоба біздің химия өнеркәсібіміздің дамуына елеулі серпін береді және, ең бастысы, бірқатар экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді», - деп атап өтті Президент. Біз Мемлекет басшысына осындай жоғары баға беріп, бастамаларымызды қолдағаны үшін шын жүректен ризамыз!

читать далее
01 қараша 2025
Международный форум «Казахстан – территория академических знаний» Kozybayev University
Международный форум «Казахстан – территория академических знаний»

Астанада «Қазақстан – академиялық білім аумағы»стратегиялық серіктестерінің үлкен халықаралық форумы өтуде. Ол қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары мен Қазақстанда ашылған шетелдік университеттердің 33 филиалының өкілдерін біріктірді. Форумның негізгі міндеттеріне тәжірибе алмасу, жаһандық үрдістерді талқылау және жоғары білім мен ғылым саласын нығайту үшін бірлескен шешімдер әзірлеу кіреді. Оған Қозыбаев университетінің қызметкерлері, сондай-ақ Аризона университетінің әріптестері қатысты. Сондай-ақ, форум аясында Цифрландыру, академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру, инновациялар және технологиялар трансфері мәселелеріне арналған панельдік және пленарлық сессиялар өтті. Іс-шараның күн тәртібінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың төрағалығымен өткен Ғылым мен бизнесті интеграциялау тақырыбы да маңызды орын алды. Қатысушылар ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және өнеркәсіптік серіктестермен тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сессия спикерлерінің қатарында біздің серіктесіміз, Аризона университетінің профессоры Джеффри Пьюн (АҚШ) болды. Күкіртті зерттеу саласындағы танымал ғалым «Құрамында күкірті бар инновациялық полимерлер: жаңа көпфункционалды және жоғары құнды материалдарды жасау жолы» ғылыми жобасы туралы таныстырды. Форумда белгіленгендей, әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық серіктестіктердің ынтымақтастығы білім беру сапасын арттыруға және Қазақстанның адами капиталын дамытуға бағытталған тұрақты инновациялық экожүйені қалыптастыруға ықпал етеді.

читать далее
30 қазан 2025
Дене шынықтыру және әскери қызмет: университетте жаңа тәсілдері талқыланды Kozybayev University
Дене шынықтыру және әскери қызмет: университетте жаңа тәсілдері талқыланды

Қозыбаев университетінде ҚР Ұлттық ұлан Академиясымен бірлесіп«Дене тәрбиесі мен әскери қызметте оқытудың заманауи тәсілі мен әдістері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Іс-шараға екі жоғары оқу орнының студенттері мен курсанттары қатысты. Тәжірибелі педагог-тәлімгерлердің жетекшілігімен білім алушылар ЖОО-да дене шынықтырудың өзекті тақырыптары бойынша баяндамалар дайындады: АӘД сабақтарында жалпы білім беретін мектепте тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды қалыптастыру, күш дайындығындағы ерекшеліктерді есепке алу, дене тәрбиесін цифрландыру, курсанттарды дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру және т.б. «Бұл конференция біз үшін дәстүрге айналды. Өткен жылы республикалық деңгейде өткізілсе, биыл Ресей мен Қырғызстанның көрші мемлекеттерінен қонақтарды тарта отырып, халықаралық деңгейде өтті. Біздің университеттің дене шынықтыру кафедрасы Ұлттық ұлан академиясымен ұзақ уақыт бойы ынтымақтасып келеді. Бүгін конференцияға келіп түскен баяндамалардың барлығы біздің жоғары оқу орындарымыздың білім беру үдерісіне септігін тигізеді деп сенемін»,- деді  Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Артем Шитов.

читать далее
30 қазан 2025
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БИОИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БІРЕГЕЙ КУРСТАР АЯҚТАЛДЫ Kozybayev University
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БИОИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БІРЕГЕЙ КУРСТАР АЯҚТАЛДЫ

Қозыбаев университеті үшінші буын технологияларын қолдануға бағытталған функционалдық геномика және биоинформатика бойынша бірегей курстар ұйымдастырды. Мұндай курстар Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылуда. Жоба халықаралық стандарттарға сәйкес озық тәжірибелерді, заманауи технологияларды және танымал әлемдік сарапшылардың қатысуын біріктіреді. Бағдарлама биология пәні бойынша академиялық білімі бар магистранттарға, докторанттарға, зерттеушілерге арналған. «Осы курстарды бастау үшін университет көп күш жұмсады. Деректерді жинау үшін сервер сатып алынды. Болашақта осындай бірегей курстарды өткізу мүмкіндіктерін кеңейту үшін жұмыс жасаймыз. Бұл шараға Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің білім алушылары (Қытай), сондай-ақ, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Алматы қ.) қызметкерлерінің қатысып жатқаны қуантады», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев. Бес күн ішінде қатысушылар заманауи деректер жиынтығымен жұмыс істеді және әртүрлі секвенирлеу платформаларында есептеу талдауының практикалық тәжірибесіне ие болды. «Біз генетикалық ақпаратты талдаудың заманауи әдістерімен, компьютерлік технологиялар арқылы қызметімен таныстық. ДНҚ және РНҚ деректерімен жұмыс істедік, геномдарды аннотациялау, ген экспрессиясын талдау және генетикалық маркерлерді анықтау үшін биоақпараттық бағдарламаларды пайдалануды үйрендік. Бұл тәжірибе менің кәсіби саламда - тікелей қолданылады. Олардың көмегімен өсімдіктердің қолайсыз ортаға төзімділігіне жауап беретін гендерді анықтауға; ауыл шаруашылығындағы дақылдар ауруларының қоздырғыштарының геномдарын талдауға болады»,- деді курстарға қатысушысы Айнұр Балахметова. Бағдарлама аясында игерілді: - бүкіл геномдарды секвенирлеу және оларды PacBio бойынша құрастыру әдістері; - эксперименттерді жоспарлау және сапаны бағалау құралдары мен стратегиялары; -In silico геном сипаттамаларын және басқа да заманауи тәсілдерді талдауға бағытталған. Бағдарламаны үлкен халықаралық тәжірибесі бар геномика және биоинформатика саласындағы беделді маман, профессор Андреа Зукколо басқарады. Оның кәсіби мансабына: Пиза университетінде (Италия), KAUST университетінде (Сауд Арабиясы) және алты жылдан астам уақыт бойы Аризона университетіндегі (АҚШ) қызметі кіреді. Ол зерттеу жүргізіп, Геномика институтында биоинформатика талдау тобын басқарды. 2025 жылы профессор Зукколо Қозыбаев университетінің халықаралық кампусының тобына қосылды. Курс спикерлерінің арасында KAUST университетінің геномика және биоинформатика саласындағы жетекші зерттеушілері Мара Микулан мен Мирко Челии, сондай-ақ Arizona Genomics Institute ассоциативті директоры Дарио Копетти бар. Барлығы 10 адам курсты аяқтап, тиісті сертификаттар алды.

читать далее
29 қазан 2025
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Орыс тілінде өтетін «Еврейлер» тақырыбындағы «Халықтану» атты танымдық дәрісханасы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы студенттерді орыс тілінде өтетін «Еврейлер» тақырыбындағы «Халықтану» атты танымдық дәрісханаға шақырады. Сіздерді 1-ші корпус, 115-аудиторияда сағат 13:50-де күтеміз.

«Топтың визиткасы» байқауы

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы өз студенттері арасында «Топтың визиткасы» байқауын өткізеді. Байқауға қатысу үшін өз тобыңыздың визиткасын ойлап табыңыз – көрініс, ән, бейнеролик немесе шоу түрінде болуы мүмкін. Зертханалық халаттарыңызды жарқын әрі ерекше етіп безендіріңіз – суреттермен, аппликациялармен, немесе өз қиялыңызбен! Сахнада өнер көрсету уақыты - 3-4 минут.

Студенттерге арналған «Халықтану» ағартушылық лекториясы: «The Turkmens» (ағылшын тілінде)

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы студенттерді «Халықтану» ағартушылық лекториясына шақырады. Лекция тақырыбы: «The Turkmens» (ағылшын тілінде). Сіздерді 1-ші корпус, 115-аудиторияда, сағат 16:50-де күтеміз.

Тағы көрсету
6525 білім алушылар
10 оқу
ғимараттары
138 білім беру
бағдарламалары
6 жатақханалар
400+ профессорско-
преподавательский состав