Француз зерттеушісі студенттерімізге сабақ өткізді
Жоғары оқу орнында бір апта бойы Париж VIII университетінің (Сен-Дени, Франция) Француз геосаясат институтының докторанты, ғылым кандидаты Робин Летерье сабақ өткізді. Ол университетімізге ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келді. Ғылыми зерттеулерінің тақырыбы: «Геополитика аграрных трансформаций в северных регионах Казахстана: экономические, политические и символические аспекты». Робин Летерье, герман-роман филологиясы кафедрасының студенттеріне практикалық француз тілінен және болашақ географтар мен экологтарға сабақ берді. Франция, Грузия, Нидерланд, Қазақстанда үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Азық-түлік жүйелерін, АӨК стратегияларын, технологиялық өңірлік жаңғыртудың геосаяси импульстарын, ауылдық жерлердегі өзгерістерді, мәдени Географияны зерттейді. Университетте «Шет тілі: екі шет тілі» бағыты бойынша барлығы 140-қа жуық студент француз тілін оқиды.
Әрі қарай оқу