Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлерге

2016 жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер арнаулы емтихан тапсырады. Арнаулы емтиханды ЖОО қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Арнайы дайындықты қажет ететін Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандықтар тізімі:

  • 6В01101 Педагогика және психология 
  • 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • 6В01401 Дене шынықтыру және спорт
  • 6В01404 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
  • 6В01402 Музыкалық білім
  • 6В01509 Математика-физика
  • 6В01508 Математика-информатика
  • 6В01510 Физика-информатика
  • 6В01511 Химия-биология
  • 6В01505 Биология 
  • 6В01507 География-тарих
  • 6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті
  • 6В01701 Шет тілі: екі шет тілдер
  • 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • 6В01902 Арнайы педагогика (логопедия)
  • 6В01903 Арнайы педагогика (олигофренопедагогика)
  • 6В01904 Арнайы педагогика (сурдопедагогика)

Арнайы емтиханды өткізу түрі: педагогикалық жағдай.

Өтініштерді қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу - ЖОО орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Мерзімі - 20 маусымнан 24 тамызға дейін.

Құжаттар тізімі

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерге арналған  арнайы емтихан "рұқсат беру" немесе "рұқсат бермеу" нысанында бағаланады.

Арнайы емтиханның нәтижелері емтиханнан кейін немесе емтихан өтетін күні сайтта ақпарат арқылы оқуға түсушілерге хабарланады.

Апелляциялық комиссиялар арнаулы немесе шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адамның өзі береді.  Өтініштер арнайы немесе шығармашылық емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия оларды бір күн ішінде қарайды.

Педагогикалық кәсіпке түскен талапкерлер білім беру грантын алуға арналған байқауға қатысу немесе ақылы негізде ЖОО-ға қабылдану үшін педагогикалық мамандықты таңдау құқығына ие.

Педагогикалық кәсіпке өтпеген жағдайда, талапкерлер таңдау пәніне сәйкес басқа мамандықтар бойынша білім беру грантын иелену үшін байқауға қатысу құқығына ие.

Арнайы емтихандардың нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдау орны бойынша, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.