Мемлекеттік білім беру грантына үміткерлерге

Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 5 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде  10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Құжаттарды ұлттық университеттерге тапсырған кезде - кемінде 65 балл қажет.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 18-26 шілде кезеңінде қабылданады.

Мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты;   
  • 3х4 көлемді 10 фотосурет;
  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • егу картасы.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

  • еңбек кітапшасы;
  • жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
  • жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

Педагогикалық мамандықтарды таңдаған және арнайы емтиханнан «өткен» талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, таңдау пәніне сәйкес төрт жоғары оқу орны және төрт мамандық бойынша қатысады.

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

  • «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
    тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.

Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ауыл квотасы әрекет ететін мамандықтарының тізімі

6В01101 Педагогика және психология 

6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

6В01401 Дене шынықтыру және спорт

6В01404 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық

6В01402 Музыкалық білім

6В01509 Математика-физика

6В01508 Математика-информатика

6В01510 Физика-информатика

6В01511 Химия-биология

6В01505 Биология 

6В01507 География-история

6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті

6В01701 Шет тілі: екі шет тілдер

6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

6В01902 Арнайы педагогика (логопедия)

6В01903 Арнайы педагогика (олигофренопедагогика)

6В01904 Арнайы педагогика (сурдопедагогика)

6В04103 Менеджмент

6В04106 Мемлекеттік басқару

6В04107 Бизнестегі экономика

6В04105 Есеп және аудит

6В06103 Информатика

6В06102 Ақпараттық жүйелер

6В06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6В06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

6В07103 Электр энергетикасы

6В07105 Көлік, көліктік техника және технологиялар

6В07201 Азық-түлік технологиясы

6В08101 Агрономия

6В08102 Өсімдік қорғау және карантин

6В08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

6В08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы

6В10102 Фармация

6В10101 Жалпы медицина

6В11101 Мәдени-тынығу жұмысы