Назарларыңызға!

Құрметті оқырмандар, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасы қашықтықтан білім беруді қамтамасыз ету үшін барлық ресурстарға ие.

Университет  сайтында «Ғылыми кітапхана» бөлімінде сіз қажетті барлық кітаптарға қол жеткізе аласыз. Мысалы, «Жоғары сұранысқа ие кітаптар» бөлімінде  барлық  мамандықтар  бойынша оқу әдебиеттері ұсынылған, бұл шамамен үш мың  кітап. Сондай-ақ, барлық бағыттар бойынша оқулықтар деректер қорында, 20-дан  астам дереккөзге ұсынылып, қажетті әдебиеттерді табуға болады.  Университетте қол жетімді барлық деректер базасына сілтемелер «Ғылыми кітапхана» бөлімінде берілген. Олар: «Эпиграф», «Республикалық  жоғары  оқу  орындары  арасындағы электронды кітапхана», «Қазақстан  ұлттық  электронды кітапхана», «Лань» электронды-кітапханалық жүйесі және т.б.

Барлық ресурстар тегін, логин мен құпия сөзді енгізу жеткілікті!
Егер әдебиеттерді іздеу бойынша сұрақтарыңыз болса, бізге онлайн арқылы хабарласыңыз:

bnauchnaya@mail.ru
ommakarenko@mail.ru

18.03.2020