"Медициналық қызметтердің сапасы, пациенттердің қауіпсіздігі және аккредиттеу" атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Сіздерді Нұр-сұлтан қаласында 2020 жылдың 28-30 мамырында Қазақстандағы медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесінің он жылдығына орай отетін "Медициналық қызметтердің сапасы, пациенттердің қауіпсіздігі және аккредиттеу" атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция шеңберінде пленарлық және секциялық отырыстар, мастер-кластар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің, медициналық ұйымдар басшыларының, дәрігерлердің, орта медициналық қызметкерлердің, сапа менеджменті және пациентті қолдау қызметі өкілдерінің, сондай-ақ денсаулық сақтаудың халықаралық ұйымдастырушыларының және денсаулық сақтаудағы сапа бойынша сарапшылардың (АҚШ, БАӘ, Норвегия, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей) қатысуымен көрмелер өткізу жоспарлануда.

Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі тақырыптары:

  1. Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі;
  2. Пациенттердің қауіпсіздігі;
  3. Сыртқы бағалау және аккредиттеу;
  4. Күтім құндылығын арттыру;
  5. Клиникалық және басқару менеджменті.
30.12.2019