АҚ штабының ақпараты

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары

 Құрметті әріптестер және студенттер!

Шомылу кезеңінің келуімен қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау салдарынан бақытсыз жағдайлардың туындау қатері өсе түседі. Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызға келесі ұсыныстарды еске саламыз:

Су айдынына жақын орналасқан демалу орындарында болғанда демалушыларға келесілер РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:

•  мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

•  қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

•  тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

•  жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

•  жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

•  су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

•  жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

•  жалған дабыл беріп айғайлауға;

•  техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

•  балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге.

Сонымен қатар, су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға рұқсат етілмейді. Өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар.

 АҚ штабы

27.05.2019