М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің жас ғалымдарының ректор грантына ғылыми жобалар байқауы

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Ғылым департаменті М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың жас ғалымдарының ректор грантына ғылыми жобалар байқауын өткізу туралы хабарлайды.

Осы байқаудың негізгі мақсаты М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру болып табылады.

Байқауға 35 жасқа дейінгі оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар грант беруге ұсынылатын болады. 2019 жылға бөлінетін гранттар саны - 5, әрқайсысы 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден.

Байқауға қатысу үшін Ғылым департаментіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде байқауға қатысуға өтінім
  2. 2-қосымшадағы талаптарға сәйкес ресімделген жобаны электронды түрде таныстыру (pdf форматында)

Өтінімдер 2019 жылдың 29 наурызына дейін қабылданады.

Байқау қорытындысын хабарлау мен сертификаттарды табыстау 2019 жылғы 12 сәуірде өтетін «Jastar jyly» арналған «Жастар және ғылым-2019» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында өткізіледі.

Ереже

14.03.2019
ДИО ОПиИК