Non-profit limited company
"Manash Kozybayev
North Kazakhstan university"
larger
Quotation gallery

To be conscious that you are ignorant is a great step to knowledge.

Benjamin Disraeli
Faculty News
MF: Начало сессии

17.12.2025 на медицинском факультете НАО СКУ им.М.Козыбаева началась экзаменационная сессия. С целью укрепление принципов академической честности, про читать далее

MF: На факультете состоялся круглый стол со студентами посвящённый надлежащим аптечным практикам (GPP)

На факультете прошёл круглый стол со студентами 5 курса фармацевтического профиля на тему «Надлежащие аптечные практики: цели, задачи и подходы к реал читать далее

Читать все
гүлзада 29 April 2014
Question
сәлеметсізбе мен сізден сұрайтыным егер ата-анасы жоқ балаларға оқу платно ма
Answer

Құрметті Гулзада!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім беру гранттары нақты мамандықтар бойынша конкурстық негізде беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін бекітілген қабылдау квотасы барлық өтініш білдірілген мамандықтарға қолданылады.

ЖОО-да үздік білім алатын, ғылыми және қоғамдық жұмыстармен айналысатын дарынды балаларды ынталандыру мақсатында ҚР Президенті шәкіртақысы тағайындалады, сондай-ақ, 6 ректор граны және 3 академик М.Қозыбаев гранты бар.

Сіз құжаттарды жылына 2 рет тапсыра аласыз (қысқы және жазғы сессиялардан кейін).

ЖОО-ға жетімдерді қабылдау бойынша ақпаратты 8-715-2-49-30-37 телефоны бойынша ала аласыз.