"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Студенттерге сессияны табысты тапсыруға бағытталған ұсынымдар

Сессия – студенттер үшін үлкен стресс. Бұл үлкен психологиялық жүктеме ғана емес (қорқыныш сезімі, үрей, өз күшіңе және біліміңе деген сенімсіздік), бұл дененің дұрыс жұмыс атқару үдерісіне бөгет болып табылады: ұйқының қанбауы, асқа жарымауы, жүйке жүйесінің әлсіреуі.

Осыған байланысты, Сіздерге сессияға табысты дайындалудың 3 жолын ұсынамыз:

1. Ақпаратты жүйелеу схемасын құрастырыңыз: қысқаша жазбалар, үзінділер, идеялар, сөйлемдер. Бұл схема емтиханға дайындалу үдерісін кезеңдерге бөліп, дайындалудың жалпы жоспарын құрастырыға көмектеседі.

2. Емтихан сұрақтары бойынша қысқаша конспект құрастырыңыз. Бұл конспекте сұраққа байланысты негізгі идеяларды, үзінділерді, маңызды ақпараттарды жазуыңызға болады. Өзіңізге ыңғайлы конспект түрін таңдаңыз (шығармашылық, схемалық, мәтіндік және т.б.).

3.  Емтихан сұрағына байланысты ақпараттың, конспектін аудио-жазбасын жасауыңызға болады. Бұл емтихан материалдарын тоқтаусыз оқуға мүмкіндік береді: оқудан тыс кезінде, серуен уақытында және т.б.

 


Түсініктемелер

Түсініктемелер жоқ

Түсініктеме қосу