Ғылым мен тәжірибе ажырамайды

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, СҚМУ профессоры

Томашец Анатолий Константинович 1938 жылы туған. 1956 жылыСолтүстік Қазақстан облысы «Заречный» совхозының орта мектебін бітіргеннен кейін еңбек жолын бастайды, моторист, комбайыншы болып еңбек етеді. Содан кейін Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітірген соң, 1960 жылы мал шаруашылығындағы еңбекті көп қажет ететін үдерістерді механикаландыру бойынша механик және инженер болып жұмыс істейді.

Кеңес Армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеген соң, 1963 жылдан 1968 жылға дейін Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқып, оны үздік бітіріп, МЕК шешімімен  ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмысты жалғастыру үшін осы жоғары оқу орнының «Машиналарды жөндеу» кафедрасына жіберіледі. Жемісті еңбегінің нәтижесінде 1974 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталады. Халық шаруашылығында қол жеткізген жетістіктері үшін 1977 жылы ҚазКСР ХШЖК II дәрежелі дипломына ие болды.

1974 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін оқып бітіреді, алайда денсаулық жағдайына байланысты диссертацияны қорғай алмай, дәрігерлердің кеңесімен 1980 жылы Петропавл қаласына көшіп келеді. 1980 жылдан 1987 жылға дейін Құрылысты механикаландыру басқармасы «Петропавловсксельстрой» бірлестігінің бас инженері, басшысы болып еңбек етеді. А.К. Томашец басқарған басқарма 1985 жылы сала бойынша үздіктер қатарына еніп, ҚазКСР ХШЖК Бірінші дәрежелі дипломына ие болды, облыстың Құрмет тақтасына енгізілді. 1991 жылы өндіріске ауылшаруашылық өнімдерін өткізу мен тасымалдаудың ресурстық-топырақ үнемдеушілік технологияларын жасау және өндіріске енгізу бойынша А.К. Томашец ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

1988 жылы Томашец А.К. ҚарПТИ Петропавл филиалының «Автомобиь көлігі» кафедрасына доцент лауазымына шақырылады. 1991 жылы Томашец А.К. байқау бойынша кафедра меңгеруші болып тағайындалады. Кафедра қалыптасу кезеңінде болатын және кафедра меңгерушісінің алдында оқу үдерісін профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету және кафедраның материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты екі басты мәселе тұрды.

Анатолий Константинович осы және басқа да мәселелерді табысты шеше білді. Кафедра ұжымы мен университет басшылығы оның ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалады және А.К. Томашец 20 жыл бойы үздіксіз кафедра меңгерушісі болып қызмет етті.

Осы жылдар ішінде кафедра заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін А.К. Томашецтің жетекшілігімен «В» санатындағы жүргізушілерді даярлау курсы, колледж оқытушыларын қайта даярлау курсы, ТҚС үшін диагностарды даярлау курстары ашылды; «Арғымақ» ТҚС мен 100 орындық ақылы автотұрақ жұмыс істей бастады. Кафедраның кадрлар құрамы да сапалы өзгерді. Оқытушылар қатары оқытушы-тәжірибешілермен толықты. Осылайша, келесі өндіріс қызметкерлері оқытушылық қызметке келді: Облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Шинкарёв Ю.А., МЛД зауытының бас технологі Солянин В.А., байланыс автобазасының басшысы Попов В.В., «Центр КамАЗ» өнеркәсібінің басшысы Веселов В.В., «Севгражданпроект» институты жобалау тобының жетекшісі Врублевская Н.И., МЛД зауытының бас инженері Гумеров Р.Г. «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Тасымалдау мен басқаруды ұйымдастыру» сияқты жаңа мамандықтар ашылды, жеделдетілген оқыту формасы енгізілді.

Томашец А.К. ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыспен белсенді айналысады. 2004 жылы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ–да техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға «Повышение эффективности строительных и дорожных машин на основе установления допустимого износа деталей механизма газораспределения двигателей» тақырыбына жазылған диссертациясын сәтті қорғап шықты. Ғалымның 85 ғылыми еңбегі жарық көрді, өнертабысы үшін патент алынды. 2007-2010 жылдары РФ СибАДИ-де жұмысын сәтті қорғаған В.В. Савинкиннің техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға жазылған жұмысына ғылыми жетекшілік етті. Бүгінгі күні Анатолий Константинович ізденуші С.Н. Колисниченконың  ««Повышение эффективности строительных и дорожных машин технологическими способами» тақырыбындағы жұмысының кеңесшісі. 

Томашец А.К. «Автомобильдерді техникалық пайдалану бойынша арнайы курс», «Автомобильдерді жасау және жөндеу», «Ауыл шаруашылығында машиналарды қолдану негіздері» пәндері бойынша жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде дәрістер оқиды. Курстық және дипломдық жобаларға жетекшілік етеді.

Аймақта инженерлік білім беруге қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірнеше рет мақтау қағаздары мен үкіметтік наградалармен марапатталған. ҚР ғылымы саласында жеткен жетістіктері үшін «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған. ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласын қадағалау мен аттестаттау комитетінің шешімімен А.К. Томашецке «Көлік, тау-кен және құрылыс машиналарын жасау» мамандығы бойынша  доцент ғылыми атағы берілді.

2008 жылы СҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен А.К. Томашецке  СҚМУ профессоры академиялық атағы берілді. 2008 жылы көпжылдық және қажырлы еңбегі, білікті мамандарды даярлауға қосқан зор үлесі үшін және туғанына 70 жыл толуына байланысты СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен; 2012 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 75 жылдығына орай «Үлкен Алтын Медальмен» марапатталды.

Бүгінгі күні Томашец А.К. жолаушылар тасымалы үшін бағыттарды жоспарлау және ашу бойынша қалалық әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясының тұрақты мүшесі болып табылады, ҚР БҒМ грантын іске асыру бойынша ғылыми-зерттеу тобының құрамына кіреді, онда аға ғылыми қызметкер ретінде «ЖЭО бу және газ турбиналарының күрделі геометриялы жақтауларын процестерді басқарудың бейімделген жүйелі плазмалық энергияның жоғары шоғырланған көзімен қалпына келтірудің энергия тиімді технологияларын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы зерттеудің міндеттерін табысты шешуде.

 

 

В. Савинкин, профессор, техника ғылымдарының докторы,

 

А. Демьяненко, доцент,техника ғылымдарының кандидаты.