Әрқашан ізденіс үстінде

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент, СҚМУ профессоры

Пустовалова Наталья Ивановна 1954 жылы 5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келді. 1971-1975 ж.ж. К. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтында физико-математика факультетінде «Математика» мамандығында оқыды.

Наталья Ивановнаның еңбек жолы ПАМЖЗ техник-технолог қызметінен басталды. 1977 жылы ол «Звёздочка» балабақшасында, екі жылдан соң «Комсомолка» тігін фабрикасы жаңындағы «Счастливое детство» ясли-балабақшасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жақында жас меңгерушіге 12 топқа лайықталған «Жемчужинка» деп аталатын жаңа типті мектепке дейінгі мекеме салуға тапсырыс беріледі. Осы балабақшадағы жұмыс кезі Наталья Ивановнаның өміріндегі ең қызықты жылдар. Тәуелсіз Қазақстанның мектепке дейінгі білім жүйесіндегі жаңа өзгерістер «Жемчужинка ясли-балабақшасының оқу-тәрбие процесіне енгізіледі.

1996 жылдың сәуір айынан бастап Н.И. Пустовалова М. Қозыбаев атындағы Соллт үстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. Басшы қызметінде тәжірибесі мол Наталья Пустовалова саз-педагогика факультеті деканының орынбасары болып тағайындалады. Деканның орынбасары, факультет деканы, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметінде Пустовалова Наталья Ивановна өзін кәсіби-құзыреттілігі мол және талапты жағынан көрсете білді. Оның бастамасымен 2000 - 2002 жылдары саз-педагогика факультетінде «Дефектология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелу», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика» жаңа мамандықтары ашылды. 

Наталья Ивановна ғылыми қызметпен айналысады, мақалалар жариялайды, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, дипломдық және магистрлік диссертацияларға жетекшілік етеді.

Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2005 жылдың қаңтарында Наталья Ивановна педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Методика формирования математических представлений у старших дошкольников на основе преемственной связи в условиях перехода на 12-летнее обучение» тақырыбында 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика) мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 

2010 жылы Н.И. Пустоваловаға ҚР БжҒМ білімберу және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің шешімімен 26.03.2010ж. (№3 хаттама) 13.00.00 - «Педагогика» мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

2014 - 2016 жылдары Н.И. Пустовалова «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі. Бүгінгі күні «Педагогика и психология» кафедрасының профессоры. Ол өз әріптестері мен студенттеріне әрқашан мейрімділікпен және ілтипатпен қарайды, кез келген сұраққа жауап беруге дайын.

Н.И. Пустовалова 200 ғылыми жарияланымдардың авторы. Ол халықаралық (Ресей, Беларусь, Польша, Чехия, Болгария), республикалық және аймақтық конференцияларға белсене қатысады. Ғылыми мақалалары ғылми, ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланған: «Математика в школе» Республикалық ғылыми-әдістелік журналы, Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Педагогические науки» сериясы; «Менеджмент в образовании» ғылыми-әдістемелік хабаршысы; «Профессионал Казахстана», «Начальная школа Казахстана», «Бiлiм-образование» және т.б. ғылыми-әдістемелік журналдары,  импакт-факторы бар журналдарда (РИНЦ).

Наталья Ивановна М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 3 оқытушының кандидаттық диссертация қорғауға дайындау бойынша қосымша жетекшілік етті. Олар 2009-2010 жылдары педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияларын қорғап шықты. Оның жетекшілігімен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 5 түлегі магистрлік диссертацияларын қорғап шықты. 

Наталья Ивановна - 12-жылдық орта білім берудің Мемлекеттік стандарттары жобасы мен 12-жылдық мектептің 5-6 сыныптарына арналған математикадан ОӘК соавторы. 2002 – 2010 ж.ж. - ҚР БжҒМ «Оқулық» РҒПО және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы жанындағы 12-жылдық мектепке арналған оқулықтарды рецензиялау әдістемелік және сараптамалық кеңесі, ҚР БжҒМ жанындағы 12-жылдық оқытуға көшу жөніндегі Үйлестіру кеңесі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жаңындағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелу» мамандығы бойынша РОӘК (Алматы қ.) мүшесі болды.  

Бүгін Наталья Ивановна білім беру бағдарламалары мен ҚР жоғары білім ұйымдарын институционалдық аккредитациялау үшін ЖОО өзін-өзі бағалау сараптама кеңесінің мүшесі. Бірнеше рет ҚР ЖОО-н аккредитациялау бойынша сараптама комиссиясы құрамында болды (Көкшетау қ., Орал қ., Қызылорда қ., Павлодар қ., Қарағанды қ.).

ЖОО-да қызмет еткен жылдары Наталья Ивановна 20-дан астам оқу-әдістемелік құралын, 2 оқу құралын: «Методика формирования математических представлений у старших дошкольников на основе преемственной связи в условиях перехода на 12-летнее обучение» (2006 ж.; 2007 ж.), 1 ұжымдық монография: «Теория и практика обучения в современном образовательном пространстве. – Алматы: Алматы университеті, 2016 әзірлеп, басып шығарған.

Мінсіз еңбегі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны, жоғары білікті мамандарды даярлағаны үшін университет ректоры грамоталары, ҚР БҒМ министрінің Құрмет грамотасы (2007), СҚО әкімінің алғыстары, «Ы.Алтынсарин» (2016) төс белгісімен марапатталған.

 

Кучер Т.П., доцент,

педагогика ғылымдарының кандидаты