Туған тегіне және мамандығына адалдық

Қайыржанова Лаура Советқызы 1989 жылы К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының «Химия және биология» мамандығына оқуға түсті, сол кезден бастап оның өмір жолы білім беру жұмысымен байланысты. Студенттік жылдардың өзінде Лаура Советқызы тек қана ыждағатты студентка болған жоқ, сонымен қатар факультеттің қоғамдық және ғылыми жұмыстарында да өзі көрсете білді. Мен оның әрқашан тек ақиқатқа сүйенетітің, өзіндік пікірі барын және өте нәзік талғамдылығын жаратылыстану-география және физика-математика факультеттерінің бірінші курс студенттерімен институттың бір өкілі ретінде бір ай бойы студенттердің Бескөл (қазіргі Қызылжар) аудандағы Новоникольский совхозында картоп жинаған кезінде бірге болғанда байқадым. Кейін мен Лаура Советқызы оқыған тобында куратор болдым, содан бері біздің қарым-қатынасымыз үлкен достыққа айналды. Лаура Советқызының  институтты бітергеннен кейін, одан 10 жыл бұрын мен оқып кандидаттық диссертация қорғаған Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі-Ғылым Академиясының адам және жануарлар институтының аспирантурасына түсуі кездейсоқтық емес сияқты.

1998 жылы ол 030013 – адам және жануарлар физиологиясы мамандығы бойынша  «Қойлардың рационына қосымша азық кіргізгенде олардың тігісінде болатын азық қорыту барысы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Оның ғылыми жетекшісі белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Қ.Т. Ташетов, тамаша ұйымдастырушы, үлкен жүректі адам. Бұл дұмыс Қазақстан ғалымдары мен мал өсірушілерінің ғана емес, Ресейдің де ғалымдары мен мал өсірушілерінің жоғары бағасына ие болды. Аспирантураны бітіргеннен кейін Лаура Советқызының Алматыда қалуына, сонда жұмыс істеуіне мүмкіндік туды, көп адамдар сонда қалуға тырысатын. Бірақ ол өзінің туған оңірінің патриоты екенін көрсетті. Орыста «Қайда тусаң, сонда қызмет қыл» деген жақсы мақалы бар. Бірақ бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Біреулер әртүрлі жағдаймен  басқа жерге кетеді, енді біреудер бұдан жақсы тағдыр іздейді. Ал менің түлегімде бәріде әлгі мақаладағыдай болап шықты. (Ол Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданындағы «Октябрь»  совхозында туған).

Қайыржанова Л.С. университетке оралғасын оқытушы, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер, ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы болып істеді. Кейін оны физиология және валеология кафедрасының меңгерушісі етіп тағайындайды. Бұл қызметте ол өзін жақсы ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде көрсетті: вивария жұмысын қалыптастырды, жануарлар алды, операциялық бөлме ашты, облыстық ауруханамен ынтымақтастық байланыс жасады. Кафедраның ғалымдары, студенттер облыстық аурухананың бөлім меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты А.А. Хамзинмен бірге жануарларға эксперимент жасады. Бұл зерттеулердің нәтижелері «Валеология» мамандығымен айналасқан студенттердің (Қалимова А, Слесарева Е, Нұркина А, Бейсембаева А, Ыбраева А, Жүсіпова Д.) дипломдық жұмыстарында ғылыми басымдарында, физиологтардың әртүрлі съездері мен конференцияларында жасаған баяндамаларында көрініс тапты. Осының бәрі кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының кеңейтілуіне көмектесті. 2007 жылы Қайыржанова Л.С. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

2009 жылы Лаура Советқызы оқу-әдістемелік қызметтің басқармасы болып, одаң соң оқу жұмысы бойынше проректор етіп тағайындайды. Бұл оқытудың кредиттік технологияға көшу кезені болатын, оның басқаруымен ережелер, ұсыныстар жасалды, оқу бөлімі құрылды, білім беру ұйымдарында, мекемелерде кафедраның филиалдары құрыла бастады, ИАК кеңейтілді «Электрондық ректорат» лицензия алынды (авторлары Әшімов О.Б., Қайыржанова Л.С., Шпак А.В.), кейін ол университетке берілді. Университетте оқу жұмысы негізгі бағдар болғандықтан жұмыс көп еді, дегенмен Лаура Советқызы бұл міндетті жақсы атқарып шықты. 2011 жылы ол «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды, 2012 жылы унимверситеттің дамуына қосқан үлесі үшін СҚМУ –нің – «Үлкен алтын медалімен» марапатталды.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы оған «Биология» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын бергенін айтқым келеді, 2011 жылы Л.С. Қайыржановаға «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ–нің Профессоры» акдемиялық атағы берілді, ол 2012 жылы биология бойынша PhD докторы атағы берілді.

2012 жылдан 2013 жылға дейін Л.С. Қайыржанова – білім және ғылым министрінің кеңесшісі болды.

2013-2017 жылдары Лаура Советқызы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар проректоры болып істеді. Мұнда ол ғылыми жұмыстың барысын ұйымдастыру мен жетілдіруге көп еңбек сіңірді. Ол кафедралармен бірге академиялық оңтайландыруға көп күш жұмсады: оқытушыларды шет елдердегі жоғары оқу орындарына жолдау, шетелдік ғалымдарды лекция оқуға шақыру, магистранттарды шетелдерге стажировкаға жіберу және халықаралық қарым-қатынастар аясында жоғары оқу орындармен және ғылыми зерттеу институттармен шарт жасау. Ол диссертациондық кеңестер ашуға, ғылыми жобаларға қаражатты көбейтуге және шетелдік жоғарырейтингтік журналдарда ғалымдардың басылымдарын көбейуге көп күш жұмсады. Облыстық құрылымдармен бірге аймақтық, республикалық қана есем тікті халықаралық дәрежесінде шаралар жүргізілді. Лаура Советқызы өзі де жолдардың өнімділігін арттыру үшін көп зерттеу жұмытарын жүргізіп келеді, бұл оның шығармаларында мол орын алды. Ол барлығы 100 ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялады.

Оның авторитеті мен кәсіби мамандығы білім және ғылым саласында облыстық және республикалық деңгейде сұранысқа ие, ол Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігің жоғары білім құылымы реформалары бойынша ұлттық жұмыс тобының мүшесі. Солтүстік Қазақстан облытық кәсіпкерлер палатасындағы іскер әйулдер кеңесінің мүшесі, «Отан» партиясының «Коррупциясыз ел- гүлденген ел» жобасының кураторы.

Қоғам жұмысына белсенді қатысқаны үшін Л.С. Қайыржанова облыс әкімінің Алғыс хатымен, грамотасымен (2014ж.) «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20жыл» юбилейный медальмен (2015ж.) марапатталған. 2016жылы Лаура Советқызы Петропавл қаласы №2 сайлау учаскесі бойынша қалалық маслихатқа депутат болып сайланды. Бұл оның белсенді азаматтық ұстанымның жалғасы деуге болады.

Лаура Советқызымен қарым-қатынаста жүргенде А.П. Чеховтың «Адамда бәрі де әдемі болуға тиіс: кескіні де, киімі де, жаңы да, ойы да» деген сөздері еске түседі. Айтқым келетіні: менің түлегім осы талаптарға сай. Мен және менің әріптестерім онымен мақтанамыз.

 

Қанғожина Қ.М., СҚМУ профессоры