Өлке табиғаты сенімді қолда

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент,

ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі


Вилков Владимир Семенович 1954 жылы 20 желтоқсандаСолтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосындадүниеге келген. 1973 жылдан 1978 жылға дейін К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогика институтында оқып, аталмыш оқу орнын бітірген соң, «орта мектепгі география және биология мұғалімі» мамандығына ие болып, жолдамамен Мамлют аудандық білім беру бөліміне жіберіледі. Еңбек жолын 1978 жылы Белое сегіз жылдық мектебінің директоры болып бастайды. 1980 жылы сол аудандағы Қызыләскер орта мектебінің директоры лауазымына ауыстырылады. 1982 жылы К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогика институтының экономикалық география кафедрасына оқытушы ретінде қабылданады. Сол кезден бастап оның оқытушылық және ғалымдық қызметі басталады. Өзінің ғылыми дәрежесін көтеру үшін 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ -дың аспирантурасына оқуға түсіп, 1989 жылдың ақпан айында «Солтүстік Қазақстанның суда жүзетін құстарының биологиясы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. Еңбек еткен жылдары оқытушыдан бастап, доцент, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Владимир Семёнович 20 жылдан астам уақыттан бері биология кафедрасының меңгерушісі болып үздіксіз еңбек етіп келеді.

Еңбек еткен отыз жыл ішінде В.С. Вилков «Эволюциялық ілім», «Солтүстік Қазақстан облысының жануарлар әлемі», «Орнитология», «Аң аулау және аң аулау шаруашылығы» және т.б. оқу пәндерін жоғары әдістемелік және ғылыми дәрежеде оқытып келеді. Оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында 8 оқу-әдістемелік құрал шығарылды.

Владимир Семёнович студенттердің ғылыми жұмысына ерекше назар аударады. Оның жетекшілігімен 100-ден астам диплом жұмысы мен 9 магистерлік диссертация қорғалды. Спорттық орнитология бойынша Қазақстандық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған құс әуесқойлары клубы құрылып, жұмыс істейді. Қазақстандық және шетелдік ұйымдар студенттерді далада жүргізген зерттеулерінен алынған тәжірибелері бойынша Қазақстан аумағында жүргізілетін зерттеулерге қатысуға әрдайым шақырып отырады. В.С. Вилков республикалық студенттердің ғылыми жобаларының байқауына қатысқан 5 жұмыстың жетекшісі болып табылады, ал байқау қорытындысы бойынша ол жұмыстар екінші және үшінші орындарға ие болды.

В.С. Вилков облыстың жануарлар әлемі жағдайы мен ресурсын зерттеу жұмысының бастамашысы болды, аңшылық шаруашылығын жүргізуді биологиялық негіздеу жұмыстарын орындады. Жануарлар әлемін зерттеу бойынша экспедицияларда көп еңбек етті: 2003-2005 жылдары сүйрек тұмсықты шалшықшының жай-күйін анықтау бойынша халықаралық жобаға қатысты; 2007 жылы «Стерх» бағдарламасы бойынша жұмыс істеді; 2009 жылы халықаралық экспедиция құрамында Қостанай облысы аумағындағы шиқылдақ қаздардың жағдайын зерттеді; 2009-2010 жылдары Қазақстанның биотүрлілігін сақтаудың «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында бастапқы негізгі орнитологиялық аумақтарды анықтау (IBA)» Қазақстандық қауымдастығының гранты бойынша зерттеулер жүргізді; 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Шиқылдақ қаздардың жағдайын зерттеу» және т.б. AEWA гранты бойынша топтардың құрамында жұмыс істеді. Ғылыми қызметінің нәтижесі бойынша жүз елуден астам ғылыми жұмыс, оның ішінде екі монография және ресейлік дәйексөз индексі бар он екі мақала жариялады.

Ғылыми-зерттеу жұмысына қосқан зор үлесі үшін 2013 жылы ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2016 жылы ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.

Вилков В.С. табиғатты қорғау және қоғамдық ұйымдардың қызметіне белсенді қатысады. Солтүстік Қазақстан облыстық аң және балық алаушылар қоғамы Басқармасының және Солтүстік Қазақстандық Биотүрлілікті сақтау қауымдастығының мүшесі (АСБК) болып табылады. Табиғатты қорғау мәселелері бойынша алыс шетелдің қоғамдық бірлестіктерінің қызметін зерттеу мақсатында 2015 жылы Англия және Германияда (RSPB, Франкфурт зоологиялық қоғамы) ғылыми семинарларға қатысты. Аң аулау шаруашылығы қызметі мен жануарларды алып қоюды ғылыми негіздеу мәселесі бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесіаймақтық инспекциясымен бірлесе жұмыс істейді. Аң аулау шаруашылықтарында жануарлар санын есептеуді ұйымдастыру мен өткізуде практикалық көмек көрсетеді. Табиғатты қорғауды насихаттау мәселесі бойынша әрдайым бұқаралық ақпарат құралдарына шығып тұрады.

 

Кожевникова Л.Н., доцент,

биология ғылымдарының кандидаты.