Талант пен – өз ісіне берілгендік

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Клара Міңайдарқызы Атығаева 1952 жылы 21 сәуірде Петропавл қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. «Ұлы ұстаз». Осы сөзді естігенде, біз ол адамның барлық күш-жігері мен білімін өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге жұмсайтынын түсінеміз. Клара Міңайдарқызы – сол ұздардар қатарынан. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын бітіріп, Клара Міңайдарқызы Совет ауданының Трудовое ауылына жұмысқа жолдама алады. Бір жыл өткен соң, 1975 жылы, ол орыс тілі кафедрасына оқытушы лауазымына жұмысқа шақырылады.

1977 жылы К.М. Атығаева Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты аспирантурасының «орыс тілін оқыту әдістемесі» мамандығына оқуға түседі. Оны бітірген соң Клара Міңайдарқызы кафедраға қайта оралады. 1988 жылы Н.К. Крупская атындағы Мәскеу облыстық Еңбек Қызыл Ту ордені педагогикалық институтында «Предупреждение и преодоление речевых ошибок в русской речи учащихся 4 – 6 классов казахской школы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шығады. 1994 жылы ЖАК шешімімен К.М. Атығаеваға доцент ғылыми атағы берілді. Клара Міңайдарқызы, бүгін де, орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында зерттеулермен айналысады. Ол - 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

1988 -1989 жылдары ол орыс тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Клара Міңайдарқызы - қазақ филологиясы кафедрасының тұңғыш меңгерушісі. 5 жылдан соң кафедра қайта құрылып, оның негізінде университетте жаңа кафедра, қазақ тілі кафедрасы, ашылды. Клара Міңайдарқызы жеті жыл бойы осы кафедраның меңгерушісі қызметін атқарады. 

Клара Міңайдарқызы Атығаева – белсенді, еңбекқор, жан-жақты тұлға, дарынды оқытушы. Ол әрқашанда ізденіс пен жаңа шығармашылық идеяларды жүзеге асыру үстінде. Өзі адал, әділетті бола тұра, надандық пен өтірікті жақтырмайтын адам. Мүмкін, осы қасиет оны «сыймсыз мінезді» адам ретінде көрсететін шығар, бірақ ол өзінің пікірінен ешқашан қайтпайды. Жас оқытушылар одан ақыл-кеңес сұраған жағдайларда, Клара Міңайдарқызы оларға әрдайым қол ұшын беруге дайын.

К.М. Атығаева өз жұмысын жақсы көреді, кез келген сабақтың жоспарын ойластырып құрастырады. Тіпті, оқу үлгерімі төмен студент те аз уақыт ішінде қазаша сөйлей бастайды. Студенттер оның сабағын үлкен ықыласпен қатысады. Педагог әрбір сабағын қызықты етуге тырысады, ол студенттердің шығармашылық белсенділігін, өздігінен жұмыс жасай білу қабілеттерін, олардың басты құзыреттіліктерін қалыптастыру бағытында көп жұмыс жасайды.  Ол сабақтарында әрбір студентпен тіл табысып, жеке жұмыс жасау әдісін тиімді қолданады. Оның қағидасы – А. Дистервег сөздері: «Каждый ученик развивается с собственной скоростью». Клара Міңайдарқызының сабақтарында оқытушы мен студент арасында өзара түсіністік, мейрімділік қарым-қатынас жасалады. Студенттер оны сезініп, ұстазымен өздерінің жоспарлары, уайым-қайғылары, мақсаттары және армандарымен бөліседі. Клара Міңайдарқызының шәкірттері өз ұстазын жылы сөзбен еске алады. Мысалға, Анна Леонтьева (Ломоносова) былай дейді: «Когда-то наш курс называли «золотым веком в истории филфака», мы считались умными студентами, но заносчивыми и безапелляционными. И юная девушка–преподаватель ненавязчиво давала нам уроки истинной мудрости. Клара Мнайдаровна всегда с особым тактом подводила зарвавшихся «гениев» к адекватному решению».

1997 жылы К.М. Атығаева «Сорос – Қазақстан» қоры жариялаған «Развитие критического мышления через чтение и письмо» Халықаралық байқауына қатысып, сол қордың гранты иегері атанды. Оның университеттің дамуына қосқан зор үлесі мен еңбек тәжірибесі жоғары бағаланады. 1998 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласына еңбегі сіңгені үшін ол «ҚР Білім беру саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. 2008 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсене қатысқаны үшін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2011 жылы оның көпжылдық еңбегі ҚР БҒМ Алғыс хатымен белгіленді. 2012 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Үлкен алтын медальмен» марапатталды. 2016 жылы өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Клара Міңайдарқызы «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. 

Клара Міңайдарқызы өз ісін адал атқарып, бүгін де университет қабырғасында сапалы білім беру, жас ұрпақты мейрімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын жалғастыруда. Ол өмірде өз орнын, өзінің сүйікті ісін  тапқаны анық.

З.П. Табакова, профессор,

филология ғылымдарының докторы