Адамдардың бірлігі жайында ойлаушы

Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі

Никифоров Александр Владимирович 1950 жылы Өзбекстанның Наманған облысында дүниеге келген. Қоршаған мультимәдени орта оның ойында сан түрлі сұрақтар туғызды: неліктен адамдар сыртқы келбеті, өмір салты бойынша бір - бірінен ерекшеленеді және т.с.с. 1956 жылы Никифоровтар отбасының Алматыға көшіп келуі оған жоғарыдағы сұрақтарға жауап алуға көмектеседі, себебі Қазақстанның сол кездегі астанасында сондай полиэтникалық және поликонфессиялық жағдай болатын. Мектеп қабырғасындағы оқу, одан кейін ҚазМУ-дың философия-экономикалық факультетіне түсу оған осы құпияның сырын бірте-бірте аша түсті. Балалық шақта туындаған сұрақтар оның болашақтағы ғылыми ізденісінің мақсатына айналады.

1975 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономикалық факультетін бітірген соң, ол Петропавл педагогикалық институтының философия кафедрасына оқытушы ретінде қабылданады, ал кейіннен бұл оқу орны Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылады. Осы оқу орнында еңбек еткен жылдары Никифоров А.В. қатардағы оқытушыдан тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, профессор дәрежесіне дейін көтерілді. 1987 жылы Ленинград қаласында «Генезис и эволюция эсхато - хилиастических представлений адвентистов седьмого дня» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. 1996 жылы Александр Владимирович Алматыда «дін философиясы» мамандығы бойынша «Параллели Библии и Корана и проблемы межнационального согласия народов Казахстана» тақырыбына докторлық диссертация қорғайды.

Профессор Никифоров 100 - ден артық ғылыми еңбек жазды, олардың ішіндегі көпшілікке танымалы – «Библия и Коран: истоки и параллели» монографиясы мен «Специфика этноконфессиональных отношений в Северном Казахстане» кітабы, сондай -ақ басқа авторлармен бірігіп жазған «Религиозные объединения Северо-Казахстанской области: история и современность» ақпараттық-аналитикалық анықтағышы. Оның еңбектері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың идеялары, Еуразиялық және ұлтаралық келісім рухында жазылған. Өз еңбектерінде ғалым-дінтанушы полиэтникалы және поликонфессиялы мемлекеттер халқына олардың салты мен дәстүрінде, наным- сенімінде, мәдениетінде айырмашылықтан гөрі ұқсастықтың көп екендігін аңғартуға тырысады. Сондықтан да қазіргі кезде идеологиялық жұмыста түрлі діндердің дүниетанымдық доктриналарынан бастау алатын жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтарға баса назар аудару қажет.

Дінтану саласы мен оқытушылық қызметтегі жетістіктері үшін Никифоров А.В. 1996 жылы ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі етіп сайланады, ал 2006 жылы ҚР БҒМ профессоры атанып, бірнеше рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, сондай -ақ СҚМУ ректоратының Құрмет грамоталарымен марапатталады. 2000 жылы оған «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» құрметті атағы беріледі. 2002 жылы ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрметті төсбелгісімен наградталады. 2012 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессор А.В. Никифоровты «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін – «Үлкен алтын медальмен», ал 2016 жылы ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттайды.

Профессор Никифоров студенттердің ғылыми жұмыстарына, магистранттардың, аспиранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Оның жетекшілік етуімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Өткен жылдары ол Алматы қаласының Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі болды. Бірнеше рет Алматы, Мәскеу, омбы қалаларында докторлық және кандидаттық диссертациялардың оппоненті болды. Бүгінде қала және облыс көлемінде зор қоғамдық жұмыс атқарып, шығармашылық, ғылыми ізденісін жалғастыруда.

Биткова А., СҚМУ, ТжӘИ студенті