Ғалымның таланты және ұйымдастырушының батылдығы

Техника ғылымдарының докторы, профессор

Қошеков Қайрат Темірбайұлы 1971 жылы 15 сәуірде Петропавл қаласында дүниеге келді. С.М. Киров атындағы №2 орта мектебін күміс медальмен бітіріп, 1988 жылы Томбы басқарудың автоматтандырылған жүйелері және поступил радиоэлектроника институтына түсті. 1993 жылы оны "Өнеркәсіптік электроника" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 

К.Т. Кошековтің еңбек жолы 1993 жылы Қарағанда политехникалық инстстутының Петропавл филиалындағы «Радиотехника» кафедрасында ассистент қызметінен басталады. Кейін ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрамына енген болатын. 1994 жылы Қайрат Қошеков Алматы энергетика институтында тағылымдамадан өтіп, осы ЖОО-н аспирантурасына оқуға түседі. 1999 жылы, кандидаттық диссертациясын қорғап, Қазақстандық газ ассоциациясында бақылау-сынау лабораториясында бұзылмайтын бақылау және диагностикалау маманы болып жұмыс істейді.  2001 жылдың қыркүйек айында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қайта оралады. 

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жұмыс істеген жылдары факультет деканы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бүгінгі күні «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының меңгерушісі, профессоры. 

2007 жылы Қ.Т. Кошековке "Аспаптану, метрология және ақпараттық-өлшеу аспаптары мен жүйелері" мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

2010 жылы Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде  Қ.Т. Кошеков "Теоретические основы, методы, модели и средства идентификационных измерений сигналов технологических процессов" тақырыбында 05.13.06 – Автоматтандыру және технологиялық процестер мен өндірісті басқару (салалар бойынша) мамандығы бойынша  докторлық диссертациясын қорғап шықты.

Қ.Т. Кошеков ғылыми-зерттеу жұмысымен белсене айналысады. Оның 160 –тан астам ғылыми еңбегі бар. Соның ішінле 5 жарияланым импакт-факторы жоғары және Web of Science  Thomson Reuters  ақпараттық базасында индексталынатын ғылыми журналдар мен конференция материалдарында орналасқан:

K.T. Koshekov, Yu.N. Klikushin, V.Yu. Kobenko. N.N. Sofina, A.A. Savostin, A.A. Kashevkin. Testing a Pump Unit by Identification Measurements of Vibration Signals. Russian Journal Nondestructive Testing, Vol. 52, No 5, 2016, pp. 280-286.

K.T. Koshekov, Yu.N. Klikushin, V.Yu. Kobenko, Yu.K. Evdokimov,            A.V. Demyanenko. Fuel Cell Diagnostics Using Identification Measurement Theory.Journal of Fuel Cell Science and Technology. The American Society of Mechanical Engineers. October 01, 2014/ Volume 11, Issue 5 және т.б. Қ.Т. Қошековтың авторлығымен «Ақпараттық технология» бағыты бойынша оқулық және 5 монография жарыққа шыққан.

Қайрат Темірбайұлыақпараттық технология саласындағы жетекші маман, оның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары идентификацияланған өлшемдер, интеллектуалдық ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологиялары, дабылдарды цифрлік өндеу және эксперименттік зерттеулерді автоматтандырумен байланысты. Ол 10 ҚР авторлық куәлігі мен инновациялық  патенттердің авторы.

Қ.Т. Кошеков - идентификациялық өлшемдер мен дабылдарды цифрлік өндеу бойынша қолданбалы зерттеулердің ғылыми мектебінің қалаушысы. Оның жетекшілігімен Набиев Н.К. және Риттер Д.В. кандидаттық диссертацияларын қорғап шықты.

Қ.Т. Кошеков 2010 – 2012 ж.ж.. арналған ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға ұсынылатын ҚР БҒМ мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.

Қайрат Темірбайұлы 2006 – 2008 ж.ж. арналған дарынды жас мамандарына ұсынылатын ҚР БҒМ мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты, «Ең үздік оқытушы-2010» мемлекеттік грантының иегері. 2004 жылы «Ғылым мен ғылыми жетістіктерге зор үлес қосқаны үшін» Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің І-дәрежелі премиясының Лауреаты. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 70-жылдығы және 75-жылдығына орай СҚО әкімінің грамоталарымен марапатталған.

Қ.Т. Кошеков ҚР өндірістік кәсіпорындары және ұйымдарымен тығыз байланыста: «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың Ұлттық орталығы» АҚ сарапшысы, "ProfiConsult" консалтинг фирмасы мониторингісінің стратегиялық нысандары жөніндегі сарапшы-кеңесші, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі –тәуелсіз директоры (Петропавл қ.).

Қ.Т. Кошеков – білікті ұйымдастырушы. Оның жетекшілігімен университетте 6D075100-"Информатика, есептегіш техника және басқару", 6D071900-"Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", 6D071800-"Электроэнергетика", 6D071200-"Машинажасау" төрт мамандығы бойынша PhD докторантурасы ашылды, ол 5 PhD докторанттың жетекшісі.

Қ.Т. Кошеков – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жаңындағы PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша Ғылыми кеңестің төрағасы, сонымен қатар, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ жаңындағы диссертациялық Кеңестің мүшесі. 

2016 жылы мемлекеттік және атаулы ғылыми сыйлықтарды тағайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінде 6М071900 – "Радиотехника,электроника және телекоммуникациялар" мамандығы бойынша магистранттарды аттестациялау жөніндегі МАК төрағасы болды.

Қ.Т. Кошеков М. Қозыбаев атындағы СҚМУ атынан "Development of two cycle innovative curricula in microelectronic engineering (DOCMEN)" еуропалық жобасының үйлестірушісі; ҚР БҒМ ғылым Комитеті гранттары бойынша 2 ғылыми-зерттеу жобаның жетекшісі.

З.П. Табакова, профессор,

филология ғылымдарының докторы