Жетекшілерге ілтипат сөздері

Химия ғылымдарының докторы, профессор

Жолболсынова Амина Сыздыковна – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері (2002), «Шапағат-2011» VII Республикалық өнертабыс саласы бойынша конкурстың дипломанты, «Еңбек ардагері» және «М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың үлкен алтын медальімен» марапатталған.

1935 жылы желтоқсанда Петропавл қаласында дүниеге келген, Ленин атындағы №1 орта мектепті аяқтады және А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түседі, кейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің коллоидтік химия кафедрасының аспирантурасында білім алады. Амина Сыздыковна Жолболсынова 1968 жылы «Ақуыз жүйесіндегі кеңістіктік құрылымдардың қалыптасуы» атты диссертацияны химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу мақсатында қорғады.

Педагогикалық қызметпен қатар Жолболсынова А.С. ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады, бүкіл әлемге белгілі ғалым, академик П.А. Ребиндер жасаған коллоидтық химия бағытын мектепте дамытты. 1992 жылы Амина Сыздыковна «Сулы ерітінділердің желатин, казеин және поливиноловтық спирттің модифициптаңатын қоспалармен бірге құрылымдық қалыптасуы мен реологиялық қасиеттері» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғап, профессор атағын алған Қазақстанның Солтүстік өңірінен шыққан тұңғыш қазақ әйелі. Амина Сыздыковна – 350-ден астам ғылыми еңбектің, сонымен қатар 3 авторлық куәліктің, ҚР-ның 26 патенті мен инновациялық патенттердің авторы. Оның басшылығымен «Аралас гельдердің биологиялық және синтетикалық полимерлерінің ғылыми негізін дайындау мен олардың қасиеттерін бақылау» атты химияның жоғары молекулалық қосылыстар бағытындағы ғылыми-зерттеу кешені жүзеге асырылды. Ол көп адамға ғылым есігін ашты, оның басшылығымен химия ғылымдарының ғылыми кандидат дәрежесін алу мақсатында 5 үміткер өзінің диссертациясын қорғады, қазіргі уақытта олар еліміздің әр түпкірінде қызмет атқарады.

Ол әрқайсына өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі, әрқайсысына бағыт беретін мейірімге толы сөздерді таба біледі. Амина Сыздыковна қиын сәттерде қолдайтын, көмектесуден бас тартпайтын адам. Оның білікті кеңестері мен қолдауы шәкірттеріне қойған мақсаттарына жетуге үлкен көмек көрсетеді.

Мен Амина Сыздыковнаға, өзімнің ғылыми жетекшіме сабырлық үшін, жанашырлық үшін, таусылмас педагогикалық талант үшін, жоғарғы біліктілік үшін, білім берудегі талпыныс үшін шынайы алғыс білдіремін, өзінің соңынан жаңаша, тың жаңалықтарды көрсете отырып, шәкірттерін ерте алатын қабілеті үшін разымын. Оның ғылымға деген адалдығы, көпжылдық тынымсыз еңбегі, өмірсүйгіштігі мен күш қуаты адам қызығарлық.

 

Бектемисова А.У., химия ғылымдарының кандидаты,

                             «Химия және химиялық технологиялар»  

                              кафедрасының доценті м.а.