Ұстаз, жетекші, дос

Химия ғылымдарының докторы, профессор

Бегенова Бахыт Естекенқызы Петропавл қаласында 1950 жылы дүниеге келді, Ленин атындағы №1 орта мектепте оқып, оны күміс медальмен бітірді. 1967 жылы К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтына «химия» мамандығына оқуға түседі. Болашақ мамандығы жас студентті қатты қызықтырады, ол бос уақытын лабораторияларда өткізіп, өзінің алғашқы тәжірибелерін жүргізеді. Бахыт Бегенова Ленин стипендиясының иегері Мәскеу қаласында өткен Бірінші Жалпыодақтық студенттер слетының делегаты. Институтты бітірген соң 5 жыл №12 қалалық мектепте, кейін Покровка орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның 3 жылы директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 

1977 жылы Бахыт Естекенқызы химия кафедрасына оқытушы болып қабылданады. Ол ЖОО-да ғылыми ізденістерсіз жақсы маман болу мүмкін емес екендігін жақсы түсінді. 1980-1982 жылдары оның үлкен ғылымға деген алғашқы қадамы болды. А.Б. Бектуров атындағы химия ғылымдары Институтының ионалмастыратын шайыр лабораториясында стажер-зерттеуші болып, аспирантурада оқыды. Бегенова Бахыт Естекенқызы 1987 жылы химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Ғылым көп күш-жігерді талап етеді, дегенмен, көпжылдық эксперименттік жұыстарының нәтижесі де жақсы болды. 2009 жылы «Новые полифункциональные ионообменные полимеры и комплексоны на основе полиаминов, винилового эфира моноэтаноломина и глицидиловых производных некоторых ароматических соединений» атты докторлық диссертациясын қорғап шықты. Диссертациясымен қатар Бахыт Естекенқызы 2003-2005 жылдары ХҒТО Халықаралық қорының гранты бойынша зерттеулерге де қатысады. 

Қырық жылдан астам бұрын Бахыт Естекенқызы біздің ЖОО-на келіп, бүгінгі күнге дейін осында жұмыс істеуде. Бегенова Бахыт Естекенқызы «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында оқытушыдан профессорға дейін жетті; ол "КСРО өнертапқышы" «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» (1997) төс белгілерінің иегері; ҚР БҒМ Құрмет грамотасы мен «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Үлкен алтын медалімен» марапатталды.

Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – құрамында ионогендік топтармен қатар реакцияға қабілетті қолжетімді реагенттерге негізделген тотығу – қалпына келу реакцияларға қабілетті топтар бар иониттердің қасиеттерін синтездеу және зерттеу. Бегенова Б.Е алғашқы рет кинетика мен хош иісті қосылыстардың диглицидил туындыларының полиаминдармен өзара әрекеттесу механизмі  зерттегендердің бірі. Оның синтездеген иониттері жоғары алмасу және сорбциялау, химиялық және жылуға төзімділігі қасиеттерімен ерекшеленеді, олар түрлі –түсті металлдардың иондарын бөліп алу және өнеркәсіптік ағынды суды тазалауда өте тиімді. Зерттеу нәтижелері бойынша Б.Е. Бегенованың соавторлықпен 95 жұмысы, «Полиэлектролиты и комплексоны» монографиясы жарияланған. Оның 5 КСРО куәлігі, 3ҚР патенті, 8 ҚР инновациялық патенті бар.

Бахыт Естекенқызы – шебер педагог. Өмірде белсенді, білімге құштар, мақсатты, ізденіске қабілетті студенттерді жақсы көреді, оларды ойлау, іздеу және жеңіске үйретуге әрдайым дайын. Химияға деген құштарлықпен бөлісіп, кафедрадағы СҒБ жұмысына басшылық ету үстінде. Қаталдығына, принципшілдігіне, өзіне және басқаларға деген талапшылдығына қарамастан, Бахыт Естекенқызы – мейрімге толы, қайрымды адам, қамқор куратор, оның жүрегінде әрбір студентке орын табылады. Осы қасиеттері үшін студенттер оны жақсы көреды, бағалайды және құрметтейді.

Біз үшін Бахыт Естекенқызы Ұстаз, Жетекші ғана емес, ол біздің бауырымыз, себебі  Бахыт Естекенқызы әрбір адаммен қарым-қатынасты бағалай біледі. Ол әрқашан, жұмыста немесе күнделікті жағдайда болсын, қол ұшын беруге дайын. Адамгершілігң, жүрегінің жомарттылығы, қайрымдылығы, өзінің әріптестері мен шәкірттеріне, тіпті басқа адамдарға да,  әрқашан көмектесуге дайындығы – біздің жетекшіміздің жеке қасиеттері.

Университетте жұмыс істеген жылдары Бегенова Б.Е.өзін білімді, жауапты оқытушы ретінде таныта білді. Жұмысқа шығармашылықпен, қарап, әрқашан өз біліктілігін, кәсіби шеберлігін арту үстінде. Б.Е. Бегенованың лекциялары мен лабораториялық-практикалық сабақтары әрқашан жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтеді. Ол дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларға жетекшілік етеді.

Бахыт Естекенқызы - қарапайым, адамгершілігі мол, білімді және жоғары білікті адам, ол әріптестері мен студенттері арасында өте сыйлы. Біз, оның шәкірттері, бүгін оның әріптестері, осындай ғажайып, бірегей адаммен кездестіргені үшін тағдырымызға шексіз алғысымызды білдіреміз! 

 

Бектемисова А.У., х.ғ.к., доцент

 Остафейчук Н.В., химия магистрі