Дана адам және игі істердің жасаушысы

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Сим Феликс Алексеевич 1935 жылы 24 қазанда Хабровск өңіріндегі Осиповка ауылында Амур өзен әскери флот қызметкері отбасында дүниеге келді. 1937 жылы, кәрістерді депортациялау жылдары, отбасымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка ауданындағы Дмитровка ауылына қоңыс аударды. 1955 жылы Қарағанды облысындағы Ағадыр станциясында орта мектепті бітіріп, К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне «орыс тілі мен әдебиеті, тарих» мамандығына оқуға түседі. Оны бітірген соң 1960 жылы  Петропавл бухгалтерлік техникумында оқытушы болып жұмыс істейді. 1961 жылы Петропавл педагогикалық институтының политэкономия және философия кафедрасына философия оқытушысы болып қабылданады. 1967 жылы Феликс Сим КСРО ҒА философия Институтының күндізгі аспирантурасына оқуға түсіп, «Диалектика категориясының табиғаты мәселесі туралы» атты кандидаттық диссертациясын қорғайды. Аспирантураны бітірген соң, туған ЖОО-на қайта оралып, философия кафедрасының аға оқытушысы, доценті, кейін тарих-филология факультетінің деканы, философия кафедрасының меңгерушісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың оқу ісі жөніндегі проректор, бірінші проректор болып қызмет етеді. Барлық өмірі біздің университетпен тығыз байланыста болды.

Адамның адамгершілік – этикалық және жеке қасиеттері оны қоршаған ортаға, ең алдымен, оның әріптестері мен оқушыларына, орасаң әсер етеді. Қарапайымдылық пен адамгершілік, мақсатты нақты қоя білумен, өмірге философиялық тұрғыдан қарау – менің ойымша, Феликс Алексеевичті сипаттайтын қасиеттер. Мен Ф. Симнің жетекшілігінде, тарих-филология факультетінің деканы болған кезінде, деканның орынбасары болып жұмыс істедім.  Ол кезде факультет үлкен болатын, ескі оқу ғимараты қаланың Подгора аумағында орналасқан, көмекші бір хатшы ғана. Таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеуден жалықпайтынбыз. Ол кезде Феликс Алексеевич жас және адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі аз. Дегенмен, ол адамдармен тіл табысып, орасаң оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлай білетін. Оның ұйымдастырушылық талантын ЖОО ұжымы қолдап, оны сыртынан дана деп атайтын болды. Ұжымдағы барлық күрделі мәселелер оның қатысуымен дұрыс шешілетін. Оның табиғи қарапайымдылығы және студенттер мен басқа да ЖОО қызметкерлеріне деген сый-құрметінің арқасында ұжымда сенімділік пен интеллигенттік қарым-қатынас орнатылды. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қалануы оның белсенді қатысуымн жүзеге асырылды.

Сим Феликс Алексеевич тамаша лектор болған, оның лекцияларынтек студенттер ғана емес, тіпті ересек аудитория да жақсы көретін. Ол туралы мен басқалардан ғана естіген жоқпын, өзім де университетте философия пәнінен Феликс Алексеевич оқыған марксизм-ленинизм курсын толық тыңдағаным бар. Ол 50 – ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның жетекшілігімен ЖОО оқытушылары мен студенттеріне арналған философия пәнінен толық лекция курсы әзірленген. «Наука» баспасында КСРО, Болгария, Венгрия ғалымдарымен бірлесіп жазылған  «Категории как ступени познания»атты монографиясы жарық көрді. 1995 жылдың ақпан айында Феликс Алексеевичке Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры атағы берілді.

Ф.А. Сим қоғамдық жұмыспен көп айналысатын, ол облыс және қала тұрғындарына қатысты өзекті мәселелерді талқылап шешуге белсене ат салысатын. Сим Ф.А. 2000 жылы дарынды балаларға арналған мектептің ашылу идеясын қолдағандардың бірі. «Дарын» мектебін басқарып, оның ғылыми жетекшісі болған. Көп жылдар бойы «Знание» облыстық қоғамдық ұйымын басқарып келді, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кәріс мәдени орталығының бірінші төрағасы болды.

Сим Ф.А. мәдениет пен білім беру саласына деген үлесі жаң-жақты қолдау тапты. Ол «Ерен еңбегі ушін», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Көп жылдық және мінсіз еңбегі үшін» медальдары; «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері», «Жоғары мектептегі үздік еңбегі үшін», «КСРО ағарту үздігі», «ҚазКСР халық ағарту үздігі» белгілерімен марапатталған. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның Компартия ОК, Солтүстік Қазақстан халық депутаттары кеңесі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің және т.б. Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2006 жылы облыстық маслихат пен облыс әкімінің шешімімен Сим Ф.А. «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Феликс Алексеевич ЖОО-да 45 жылдан астам жұмыс істеді. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да өз университетіне барлық өмірін сарп еткен азаматтарды ұмытпайды. 2009 жылы 15 қыркүйекте ЖОО-да салтанатты түрде Ф.А. Симге арналған аудитория ашылды; 2014 жылы 18 қыркүйекте СҚМУ-дың бірінші проректоры Ф.А. Симге арналған мемориалдық тақта орнатылды. Бүгінгі және ертеңгі жастар дана азамат және нағыз Ұстазды әрқашан естерінде сақтайтын болады.

З.П. Табакова, профессор,

Филология ғылымдарының докторы