21 ғасырдың көрнекті интеллектуалы

Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры 2002-2016

Оңдасын Бәйкенұлы 1951 жылы 21 наурызда Көкшетау облысындағы Зеренді ауылында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері отбасында дүниеге келді. Әкесі – Әшімов Бәйкен Әшімұлы, ҰОС ардагері, Социалистік Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарған, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1970-1984), ҚазКСР Жоғары Президиум Төрағасы міндеттерін атқарған. Анасы – Әшімова Бақыт Әсетқызы, орта мектепте математика мұғалімі болып жұмыс істеген.

1968 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Оңдасын Бәйкенұлы Қазақ политехникалық институтының энергетика факультетіне оқуға түседі. Ғылыми еңбекке деген күштарлығы студенттік кезінен-ақ байқалады: 1972 жылы төртінші курс студенті Әшімов О.Б. «Ең үздік студенттік ғылыми жұмысы» үшін КСРО Жоғары және орта арнаулы білім Министрлігінің медалімен марапатталады. Институтты бітірген соң Әшімов О.Б. «Өнеркәсіптік кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету» кафедрасында стажер-зерттеуші болып жұмыс істейді. 1975-1978 жылдары Алматы энергетика институтының аспиранты. Сол жылдары ол жоғары отқа төзімді оксидтік материалдарды электр доғалы ерітуге арналған электр технологиялық жабдықтар мен теориялық негіздерін құру мәселелерімен айналысқан. Оның зерттеулерінің нәтижелері Саратов «Техстекло» зауыты, Подольск отқа төзімді бұйымдар зауыты, Рудный қ. «Казогнеупор» зауытына енгізілген. 1978 жылы Әшімов О.Б. аспирантураны бітіріп, Киев политехникалық институты жанындағы арнайы Ғылыми Кеңесте «Жоғары отқа төзімді материалдарды өндіру технологиясын әзірлеу және олардың қасиеттерін зерттеу» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қызу және жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі басталады. 1982 жылы Оңдасын Бәйкенұлының бастамасымен Алматы энергетика институтында КСРО Қара металлургия Министрлігі тарапынан қаржыландырылған «Отқа төзімді материалдарды өндірудің электр технологиясы», ҚазКСР түрлі-түсті металлургия Министрлігі тарапынан қаржыландырылған «Қазақстанның түрлі-түсті металлургиясы үшін отқа төзімді материалдарды өндіру технологиясында төмен температурадағы плазманы қолдану» екі салалық ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылады. КСРО-да теңі жоқ жалғыз ғана өзі, ғылымның осы саласындағы зертттеулер жүргізу үшін іске қосылған электр технологиялық жабдықтары, заманауи әдістемесі мен аппаратурасы бар ірі, көп салалы ғылыми-эксперименттік және кадрлық базасы құрылды. Осы жұмысқа энергетика мамандары, физиктер, химиктер мен материалтанушылар жұмылдырылды. Зерттеу тақырыптары Бүкілодақтық және республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіру жоспарларына сай анықталған, нәтижелері КСРО өнеркәсіптік кәсіпорындары: «Казогнеупор» зауыты және Подольск отқа төзімді бұйымдар зауытына енгізілген.

1984 жылы КСРО Жоғары атестаттау комиссиясы шешімімен Оңдасын Бәйкенұлына «Аға ғылыми қызметкер» атағы берілді. 1992 жылы ол Мәскеу энергетика институты жаңындағы арнайы Ғылыми Кеңесте техника ғылымдарының докторы атағын алу үшін «Отқа төзімді материалдардың теориялық негіздерін әзірлеу, оларды алуға арналған электотехникалық жабдықтарды құру және оның жұмысын оңтайландыру» атты докторлық диссертациясын қорғады.1993 жылы ҚР ЖАК шешімімен О.Б. Әшімовке профессор ғылыми атағы берілді, 1995 жылы ол ҚР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, 2004 жылы – ҚР Ғылым Академиясының академигі болып сайланады.

О.Б. Әшімовтің еңбек қызметі Қазақстанның жоғары мектебімен тығыз байланысты. 1996 - 2000 жылдары аралығында ол Қазақ ұлттық техникалық университетінде бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор лауазымында жұмыс істейді. 2000 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Жоғары аттестаттау комитеті төрағасының орынбасары. О.Б. Әшімовтің бастамсымен Қазақстандағы теңі жоқ жалғыз ғана өзі Қазақ ұлттық техникалық университтет жаңында 05.09.03 – Электротехникалық кешендер мен жүйелер, оларды басқару және реттеуді қоса; 05.09.10 – Электротехнология мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғау Кеңесін ашылды.

2002 жылы О.Б. Әшімов – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

Жүйелі ойлау, талдағыш ақыл және мемлекет қайраткері талаптары арқасында О.Б. Әшімов аймақтағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамыту бойынша ұжым қызметінің басты бағыттарын дұрыс анықтады. Профессор О.Б. Әшімов университет ректоры қызметінде өзін жоғары мектептің шебер басшысы ретінде көрсете білді. Оның басшылығымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқу процесінде озық технологияларды пайдалану, ғылыми-зерттеулер мен ЖОО-ын басқаруда жаңа импульс алды.

Мемлекет тарапынан Оңдасын Бәйкенұлы Әшімовтің ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметі жоғары бағаланды. 2006 жылы ол 2-дәрежелі «Достык» ордені, 2015 жылы «Парасат» ордені, ҚР Президентінің Алғыс хаттары, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астаның 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл, «Теңгеге 20 жыл» мерейлік медальдар, А. Байтұрсынов медалі, «КСРО өнертапқышы» медалі, КСРО ХШЖК қола медалі, «ҚР Құрметті білім беру қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға зор үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен марапатталды.

О.Б. Әшімовтің жоғары интеллектуалдық деңгейі мен терең білімін, жаң-жақты ой-өрісін халықаралық ұйымдар да жоғары бағалады. 2006 жылдың маусым айында Барселонада Оңдасын Бәйкенұлы заманауи қоғамның интеллектуалды дамуына зор үлес қосқаны үшін «Сократ Ордені» («Sokrates International Award»), 2006 жылдың қыркүйек айында Оксфордта Еуропа интеграциясын дамытуға зор үлес қосқаны үшін «Бірыңғай Еуропа» («The United Europe») халықаралық марапатына ие болды, сол жылы «Халықаралық инженерия педагогі» (Таллин) халықаралық атағын алды. 2008 жылы Кембриджде (Англия) заманауи білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін «21 ғасырдың 200 көрнекті интеллектуалдары» халықаралық медальмен марапатталды. О.Б. Әшімов Халықаралық Инженерлік педагогика қоғамының нақты мүшесі (ING PAED IGiP) болып табылады.

Креативтік кәсіби белсенділік, дәстүрлі емес ойлай, кез келген істі жүйелі шеше білу, болашақты болжай білу, жоғары практикалық нәтижелерге жете білу – Оңдасын Бәйкенұлы Әшімовті азамат, ғалым және ұстаз ретінде сипаттайтын қасиеттер.

З.П. Табакова, профессор, филология ғылымдарының докторы