Аңызға айналған есім

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жоғары мектебі ҰҒА президенті,  СҚМУ ректоры 1997-2002ж.ж.

Уақыт зымырап өтеді екен, оны достарыңның біреуі мерейтойын тойлаймын деген кезде-ақ сезінесің. Бойыңда таң қаларлық және абыржулық сезім пайда болады екен: бұл қалай болғаны?! Осы жолы да дәл сондай сезімде болдым. Ғалым Мұтанұлы Мұтанов менің есімде кез келген істі оңайлықпен атқара алатын жас жігіт болып қалды. 1979 жылы ол Қ. Сатпаев атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірумен қатар «Дзюдо бойынша КСРО спорт шебері» атағына да ие болды. Ол аспирантураны бітіріп, Мәскеу тау институтында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты, ал бір жарым жыл ішінде докторлық диссертациясы да дайын болды. 36 жасында ол өз саласында ең жас ғалымдардың бірі болды. Мәскеуде әлемдік деңгейдегі академиктер жас ғалымды Қазақстаннан шыққан білгіш  (самородок) деп атайды. 1993 жылы, докторлық диссертациясын қорғаған жылы, Ғ.М. Мұтанов Халықаралық информатизация академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Кейін ол Халықаралық кадрлар академиясы, Халықаралық жоғары мектеп академиясы, ҚР инженерлік академиясы, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясының нақты мүшесі болып сайланады.

Еңбек жолын Ғ.М. Мұтанов Рудный индустриялық институтында оқытушылық қызметінен бастады. Ол оқытушыдан профессор, кафедра меңгерушісі лауазымына дейін жетеді. 

Біздің, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Ғалым Мұтанұлы ел үшін, жоғары білім үшін ең қиын кездерінде жұмыс істеді. ЖОО-нын реформалау кезі, қаржы жеткіліксіз. Көптеген ЖОО-ы өз мәселелерін жекешелендіру арқылы шешкен болатын. Ал біздің жаңа және жас ректорымыз болашаққа үлкен сеніммен қарап, өзін нағыз стратег ретінде көрсете білді. Біз бір факультетті, не болмаса бір шаршы метрді де жоғалтқан жоқпыз. Керісінше, сол тамаша жылдары, басқа мекемелер бас тартқан жаңа ғимараттар пайда болды, жаңа жатақханалар салынды, ескі студенттік жатақханалар қайта құрылды. Ғ.М. Мұтанов жасап кеткен база арқасында бүгін де біздің университетімізде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі жоқ.

ЖОО-да жақсы кадрлардың кетуіне байланысты жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де туындады. Ғылым докторы Ғ. Мұтанов жоғары білікті мамандарсыз Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жаңа уақыт талаптарына сай бола алмайтынын жақсы түсінетін. Тәуелсіз Қазақстанда кадрларды қайта даярлау жүйесі жаңа ғана қалыптасып келеді, басқа қалалардан ғалымдар қайтып келетініне сенім жоқ.  Мәселені шешу үшін университетте барлық мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламасы әзірленді. Жас оқытушыларға іссапарға шығу, диссертация қорғау үшін материалдық көмек көрсетіле бастады. Алғашқы рет университетте бірнеше мамандық бойынша (орыс тілі, химия) аспирантура ашылып, кандидаттық диссертация қорғау бойынша Ғылыми кеңестер жұмыс істей бастады. Орыс тілінен кандидаттық диссертация қорғау бойынша Ғылыми кеңес ашуға байланысты күндерді есіме алған сәтте, менің өмірімде магистратура мен аспирантура Ғалым Мұтанұлының арқасында ғана пайда болғанына анық көзім жетеді. Кандидаттық диссертация қорғау бойынша Ғылыми кеңес және 11 менің жетекшілігіммен қорғаған ғылым кандидаты. Жас ректор бізді жаңа істерге итермелеп отыратын. Енді ғана түсінеміз: ол университеттің болашағы зор екендігіне бар күшімен сенген болатын, сол үшін тынымсыз еңбек етіп, өзімен бірге жұмыс істеген адамдарға әрқашанда сый-құрметпен қарайтын. Оны студенттер де, оқытушылар да қатты сыйлайтын. Жазылмай-ақ, қабылдай беретін. Біреуіміз жаңа идеялармен, біреуіміз ішіміздегі мәселелерімізбен – барлықтарына уақытын бөліп, әрбір сөзіне құлақ салатын. Тіпті кафедраларға келіп, жаңа жабдықтың, лингафон кабинеті, компьютер немесе магнитофон, сатып алынғаны жайында өзі үлкен қуанышпен хабарлайтын. Аяз Ата киімін киіп, әбір кафедраны Жаңа Жылмен құттықтауға да уақыт табатын. Кафедраның жағдайын сұрап, әрқашан өз сөзінде тұратын. Бұл - жетекші мен ұжымның арасындағы өзара сенімділік пайда болған уақыты. 

Одан бері 15 жыл өте шықты. Дегенмен есімізден ол кісінің істеген игі істері әлі де өшкен емес. Ғалым Мұтанұлы туралы естігенде, барлықтарымыздың жүздеріміз мейрімділікке тола бастайды. Әрине, бүгін оның өмірі басқа да маңызды істерге толы, оның есімі аңызға айналды деп айтуға болады. Ол да біз туралы жақсы пікірде қалды деп сенеміз. Оның жарқын бейнесі, аспандағы жұлдыздардың жарығындай, біздің жүрегімізде. Өз ісіне берілген, өз ісін жақсы білетін адамдар туралы Михаил Дудин былай деп жазады:

 

И труд на уровень искусства

Рукою мастера поставь…

Всё совершенство в этом мире,

И мир стоит – на мастерах.

 

Табакова Зинаида Петровна, профессор,

Филология ғылымдарының докторы