"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

17-мақсат. Тұрақты даму жолындағы әріптестік

Тұрақты даму мақсаты №17: Тұрақты даму жолындағы әріптестік

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында Kozybayev University 17-мақсатты — Тұрақты даму жолындағы жаһандық әріптестік шеңберінде іске асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыруды қолдайды.

Kozybayev University – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ұлттық және халықаралық деңгейлерде әріптестіктерді нығайтуға ұмтылады. Университет ғылым, білім, бизнес және қоғам күш-жігерін біріктіретін алаң ретінде әрекет етеді.


Университеттің тұрақты дамуға қосқан үлесі

Университет тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған әріптестіктер мен білім беру бастамаларын жүйелі түрде дамытады. Университеттің әрбір құрылымдық бөлімшесі білім беру, ғылым, әлеуметтік және экологиялық жобалар арқылы тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға өз үлесін қосады.
Университеттің барлық білім беру бағдарламаларында студенттердің экологиялық санасын, жаһандық сын-қатерлерді және оларды шешу жолдарын түсінуін қалыптастыратын «Экология және тұрақты даму», міндетті пәні оқытылады.

Әріптестік және өзара іс-қимыл

Университет тұрақты дамуды ілгерілету үшін мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады.
Әріптестік өзара білім алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және озық тәжірибелерді тарату негізінде құрылады.

Университет және ТДМ