Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Экономика ғылымдарының кандидаты,  доцент, СҚМУ ректоры 1969 – 1987ж.ж.

Қанаш Шәкенұлы Шәкенов Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Есіл ауданының Қаратал ауылында мұғалім Шәкен Жолтаев отбасында дүниеге келді. Өз естелігінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Мұқаш Елеусізов былай дейді: «Қанаштың туған әкесі Шәкен - аксакал, бүкіл Приишимьеге танымал педагог, елу жылдық еңбегі үшін халық мұғалімі атанған, облыста бірінші болып, ол кездегі ең жоғары марапат, Ленин орденімені марапатталған. Әкесінің тәрбиесін көрген Қанаш та жоғары дәрежелі педагог болып шықты».

Қанаш Шәкенов мектепті үздік бітіріп, 1941 жылы еңбек жолын колхозда бухгалтер қызметінен бастады. 1945 жылы жас коммунисті Ленин (қазіргі Есіл) аудандық партия комитетінің насихаттаушылар штатына қабылдады. Қанаш Шәкенұлы үнемі өз білімін жетілдіріп отырды. Аз уақыт ішінде ол Алматы партия мектебінде оқып шықты, облыстық партия комитетінде лектор болып жұмыс істеді, Алматы педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, КОКП ОК жаңындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасына оқуға түсті.

Диссертациясын қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ленин ауданына қайта оралып, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс істеді.   

Дегенмен, оны ғылыми қызмет қызқтыратын. 1956 жылдың қыркүйек айында Қанаш Шәкенұлы Петропавл педагогикалық институтына доцент болып ауысады, бес жылдан соң политэкономия жәнне философия кафедрасының меңгерушісі болып сайланады. 1969 жылы жауапты және бастамашыл жас ғалым К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалады. 

Жаңа лауазымдағы оның өмірі студенттік қауымға қамқорлық көрсетуге арналады. Оның басшылық ету кезінде екі оқу корпусы, спорт залы, үш студенттік жатақхана, оқытушыларға арналған тұрғын үйлер, агробиологиялық станция, қала сыртындағы спорттық-сауықтыру лагері салынды. Жас ректордың ұсынысымен екі жаңа факультет: дене шыңықтыру және саз-педагогика, ашылды. Институттың материалдық-техникалық базасы қарқынды жақсарып, оның кадрлық әлеуеті де арта бастады. 80-жылдардың ортасына қарай жүзден астам оқытушы ғылым докторы мен ғылым кандидаты ғылыми дәрежелеріне ие болған.

Қанаш Шәкенов, ғылыми ортадағы өзінің абыройын пайдала отырып, М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетімен (ММУ) серіктестік қарым-қатынас орнатады. Бұл жағдай Петропавл педагогикалық институтының бүкілодақтық деңгейге шығуына оң әсерін тигізді. Үнемі институттың кадрлық жағдайын ойлап жүрумен қатар Қанаш Шәкенов ғылыми жұмыспен де белсене айналысады. «Мысль», «Вопросы экономики», «Научный вестник» журналдарында қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша оның теориялық мақалалары жарық көреді. «Знание» Бүкілодақтық қоғамның облыстық бөлімін басқару барысында ол тұрғындар арасында ғылыми білімді таратуға зор үлесін қосты.

1997 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасында жарияланған «Тауардың құны мен бағасы» кітабында ол нарық экономикасының негіздерін анықтаған болатын. 2001 жылы №8 «Мысль» журналында жарияланған «Этот таинственный товар» мақаласында нарықтың табиғатын ашады.

Қ.Ш. Шәкенов тынымсыз еңбек еткен. Ол ғылыми мақалалар ғана емес, сонымен қатар, өз жерлестірінің өмірі туралы әңгімелер, очерктер де жазатын. «Аул на целине» романында оның ауыл тұрғындарына деген сүіспеншілігі анық байқалады.

Өз күнделігінде, зейнетке шыққан соң, Қанаш Шәкенұлы Шәкенов өзі туралы былай деп жазған: «Зейнетке шықтым. Ректор болып 18 жыл 2 ай жұмыс істедім. Туған жерімде халқым үшін, жерлестерім үшін жұмыс істедім. Сондықтан өзімді бақытты деп санаймын». Расында да, өзінен кейін игі іс қалдырған адам өте бақытты.

Қайролла Мұқанов, ардагер-педагог, өлкетанушы