Өткен жылғы мектеп түлектеріне, колледж түлектеріне

Өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы

Колледж мамандығына ұқсас бағытын жоғары білім беру бағдарламаларының ұқсас топтарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сәйкестілік кестесі негізінде анықтауға болады.

Қысқартылған оқу мерзімі бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші талапкерлердің келесідей құқықтары бар:

  1. білім беру гранттарын тағайындау байқауына қатысу (маусым айында ҰБТ тапсыру нәтижелері бойынша);     
  2. ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша кемінде 5 балл және арнайы пән немесе шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау;
  3. ҰБТ нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсу;
  4. қабылдау емтихандарын тапсыру нәтижелері бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылданады (ҰБТ тапсырумай-ақ).

Қабылдау емтихандарын ЖОО-ның қабылдау комиссиясы өткізеді. Қабылдау емтиханының бағдарламасымен және емтихан кестесімен сайттан немесе қабылдау комиссиясынан білуге болады.

Қабылдау емтиханын тапсыру үшін өтініштерді қабылдау - 20 тамызға дейін жүргізіледі.

Арнайы емтиханды өткізу түрі: тестілеу, ауызша емтихан, жазбаша жұмыс.

Қабылдау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша талапкер ЖОО-ға қабылдануға "ұсынылады" немесе "ұсынылмайды".