Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялау

Инновациялық жобалардың қажеттілігі мен практикалық орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық үдерістің маңызды кезеңі технологияларды коммерциялау болып табылады.   

ЖОО-да ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  1. "Қазақстан Республикасы аумағындағы тасқынды және өрт қаупі бар жағдайларды анықтау және суреттеу" жобасы
  2. "Микроэлектронды инженерияда DOCMEN екі деңгейлі инновациялық бағдарламасын әзірлеу" жобасы
  3. "Энергия үнемдеуші қатты отынды қазандар мен қазандықтар" жобасы
  4. "DDoS-шабуылдарына қарсы әрекет ету жүйесі" жобасы
  5. "Интеллектуалды бейнебақылау жүйесі" жобасы
  6. "Металдардың нанокөлемді ұнтақтары мен олардың химиялық қоспаларын цилиндрлі өткізгіштерді электрлік жару әдісімен синтездеу" жобасы
  7. "Егіс қарсаңында тұқымдарды активтендірілген сумен өңдеу" жобасы
  8. "Екібастұз көмірі күлі негізіндегі тыңайтқыштар" жобасы
  9. "Жақсартылған пайдалану қасиеті бар асфальтбетеонды жабындар өндіру" жобасы
  10. "Плазмалы энергияның жоғары байытылған көздерін қолдану арқылы бұйымдарды орнына келтіру және нығайту үшін құрал-жабдықтарды әзірлеуге арналған технологиялық жоба" жобасы  
  11. "Тірі тарих" тарихи-этнографиялық туристік саябағы" жобасы
  12. "Заман Таспасы" онлайн-жобасы
  13. "Қазақстанның гүлді шараптары" жобасы
  14. "Дәнді дақылдарды өңдеу және сақтау технологияларын, 5 мың тонналық автономды энергия көздері мен инновациялық үлгідегі көлденең сүрлемдері бар астық қоймасының тәжірибелік үлгілерін әзірлеу" жобасы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарының Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарына енгізу үшін инновациялық жобаларының каталогы шығарылды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шеңберінде т. ғ. д. В. П. Ивельдің «Автономды роботты басқарумен жартылай денатуралық модельдеу жүйесі» жобасы бойынша ВГУ зертханасымен (Владимир қ.), т. ғ. д. К. Т. Кошековтың «Мұнай-газ жабдығын кешенді диагностикалау технологиясын әзірлеу» жобасы бойынша «РОС» ғылыми-өндірістік кәсіпорнымен (Пермь қ.) және Омбы мемлекеттік техникалық университетімен, сонымен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғарыш мониторинг Зертханасы базасында және Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасымен (Омбы қ.) «Шекаралық аумақтарда төтенше жағдайлардың туындауына жедел ден қою орталығын құру» жобасы бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарлануда.