Жатақханалар

  • Университет құрылымында 1036 орынды 3 студенттер жатақханасы бар, тұрғын аумағы 12742,1 м2 құрайды. 
  • Жатақханаларда күрес, гір залдары, шаңғы базасы орналасқан.
  • Барлық жатақханаларда жуынатын бөлмелер бар, жартылай автоматты кір жуғыш машиналар орнатылған, ас үйлері электрлі плиталармен жабдықталған.
  • Ғаламтор бар.
  • №1 және №2 жатақханада асхана бар. 
  • Барлық жатақханаларда рұқсатнамалық тәртіптеме сақталған, Жатақханада тұру ережелерін сақтау бойынша іс-шаралар өткізіледі.
  • №2 жатақханада полиция тірек пункті орналасқан, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі.

ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ,  ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАҢЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН  АҚЫ ТӨЛЕУ

Білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу ережесі

Тамыз айының екінші онкүндігінде студенттер жатақханаларының тұрғындар базасына енгізу үшін үміткерлерге online өтінім беру қажет:

Студенттерді жатақханаларға орналастыру белгіленген санитарлық нормаларды сақтаумен, Жатақханада тұру ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Студенттердің қоныстануы тамыз айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.

Жатақханаларға орналастыруға бірінші кезекте мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар, ал қалған орындарға - келісімшарт негізінде білім алушылар жатады.

Жатақханаға орналасу үшін жатақханада тұру ақысын төлеу қажет (грант – 42 000 тг., ақылы оқу-100 000 тг.). Бұны "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның Интернационал көшесі, 24 мекен-жайы бойынша жасауға болады. Жетім студенттер тегін тұрады.

Жатақханаға орналасар алдында білім алушы СҚО бойынша дезинфекция орталығы қызметкерлерінен (№2 жатақханада) педикулезге және қышыма ауруына медициналық тексеруден өтуге және тиісті анықтама алуға міндетті.

Жатақханаға кіруге рұқсат алу үшін білім алушы төлем туралы түбіртекті және Дезинфекция орталығының анықтамасын әлеуметтік жұмыс бөліміне (№1 оқу ғимаратының 152 ауд.) тапсырады.

Қоныстану кезінде өзімен бірге келесі құжаттар болу қажет:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі - 2 дана (кері жағынан ата-анасының толық аты-жөнін, тұратын мекен-жайы және байланыс телефондарын (ұялы, үй) жазу керек).
  2. Фотосурет 3*4 – 1 дана (рұқсаттамаға).
  3. Жатақханада тұру үшін төлем туралы түбіртек.
  4. СҚО бойынша дезинфекция орталығынан медициналық анықтама.
  5. Отбасының әлеуметтік жағдайы көрсетілген анықтама - көп балалы/аз қамтылған/толық емес отбасы (бар болса).
  6. Оралман куәлігінің көшірмесі (бар болса).
  7. Топ және диагнозы көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама (бар болса).
  8. Мемлекеттік грант иегері сертификатының көшірмесі (бар болса).
  9. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
  10. Жетім балалар үшін: екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама, А-4 нысаны, қорғаншылықты белгілеу туралы қаулы (бар болса), білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат).