6B07104 Аспап жасау

Инженерлік және сандық технологиялар факультетіЭнергетика және радиоэлектроника кафедрасы


  • Білім беру бағдарламалдарының мақсаттары және құзыреттер
  • Оқу жоспары
  • Модульдік анықтама
  • Кадрлық анықтама
  • Аккредиттеу сертификаттары

    Академиялық дәреже: 6B07104 «Аспап жасау» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

    Кәсіби қызмет өрісі: өндіріс, әскери-өнеркәсіптік индустриямен бірге барлық салалар, көлік және байланыс, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру мен тұтыну салалары.

    Кәсіби қызмет объектілері: әскери-өнеркәсіптік индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналды шаруашылық, медицина, тұтыну мен білім беру салалары, жобалау ұйымдары, түрлі меншік түріндегі фирмалар.

    Кәсіби қызмет түрлері:

    • есептік-жобалау;
    • өндірістік-технологиялық;
    • эксперименталды-зерттеу;
    • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
    • білім беру (педагогикалық).

    Кәсіби қызметінің мазмұны: өндірістік-технологиялық, жобалық- конструкторлық, тәжірибелік- зерттеу, ұйымдастырушылық- экономикалық және басқару қызметі, сонымен қатар жобалаудың заманауи әдістерін қолдану негізінде машина жасаудың бәсекелестікке қабілетті өнімдерін жасауға бағытталған есептік- жобалау құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.