6B01503 Физика
Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті → Физика кафедрасы
Академиялық дәрежесі: 6B01503 «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызмет саласы: 6B01503 «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры білім беру мекемелерінде өз кәсіптік қызметін жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет обьектілері:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері;
- мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар.
Кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- оқу-тәрбиелік;
- оқу-технологиялық.
Кәсіби қызмет мазмұны:
- білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім берудің маңыздылығы, барлық білім беру үрдістерін білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін-өзі даму және өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау,
- түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өздігінен білім алуына және кәсіби бағдарына жағымды жағдай жасау, педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру.