Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ПФ: ТҮЛЕКТЕРМЕН КОНКУРСТЫҚ КЕЗДЕСУ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ ПФ педагогика және психология кафедрасы 3-ші жыл қатарынан «Trigger психолога-profi» облыстық конкурсын өткізуде. әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: "Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар" ХҒТК-сының шетелдік секциясы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогика факультетінде Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің (Екатеринбург қ.) серікт әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Ғылым декадасы аясындағы марапаттарҚазақстан Республикасында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, университе әрі қарай оқу

11 сәуір 2025
ПФ: "Мен даму жолындамын" байқауы

11 сәуірде «Педагогикалық ғылымдар» бағытының студенттері мен түлектері үшін «Мен даму жолындамын» жобалық байқауының қорытынд әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
МФ: Отанға деген сүйіспеншілік туралы

 «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Құрманғожина Балжан Қайратқызы № 2 жатақханада тұратын студенттермен сыныптан тыс тәрбие әрі қарай оқу

10 сәуір 2025
МФ: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

09.04 2025 жылы медицина факультетінің базасында химия және металлургия саласындағы ғалым Евней Арстанович Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Жа әрі қарай оқу

10 сәуір 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-те "Жастар және ғылым-2025" ХҒПК секциялық отырысы өтті

2025 жылғы 9 сәуірде Тарих, экономика және құқық факультетінде Е. А. Бөкетовтың 100 жылдығына арналған "Жастар және ғылым-2025: шешімге заманауи сын-қ әрі қарай оқу

10 сәуір 2025
МФ: Медицина факультетінде ғылым күндері жалғасуда.

7 сәуірде келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді: Интерактивті семинар «Медицинадағы зерттеу технологиялары мен әдістері»; « әрі қарай оқу

08 сәуір 2025
МФ: 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

«Салауатты өмір бастауы - жарқын болашақтың кепілі» деген ұранды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры осы күнге арналған ж әрі қарай оқу

07 сәуір 2025
МФ: Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күніне шақырамыз!Құрметті университет студенттері мен қызметкерлері! Сіздерді 7 сәуірде ҰЛК-нің 1-қабатында өтетін Дүниежүзілік әрі қарай оқу

03 сәуір 2025
Барлығын оқу

Агротехнологиялық факультеттің Даму тарихы

2018 жылдың 1 қыркүйегінде жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің қайта құрылуымен Агротехнологиялық факультеті құрылып, құрамына «Азық-түлік қауіпсіздігі» және «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедралары  кірді.

Факультет ауыл шаруашылығы бағытындағы әртүрлі салалардың бакалаврлары мен магистранттарын дайындайды.

Факультет түлектері өз қызметін ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде, сондай-ақ өсімдік және мал шаруашылығы бағытындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында, жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүзеге асыратын болады.

«Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасына агробиологиялық станция (Петропавл қаласынан 6 км, жалпы ауданы 6 га) бекітілді, оның базасында солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде  «Агротехнопарк» ашылды, онда шетелдік ғалымдармен бірлесіп ПОҚ және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, ауыл шаруашылығы мамандықтары студенттерінің оқу практикасы жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және облыстың жетекші ауыл шаруашылығы құрылымдары базасында бекітілген кестеге сәйкес білім алушылардың оқу сабақтары өткізілетін Агротехнологиялық факультет кафедраларының бөлімшелері жұмыс істейді.

Факультеттің жұмыс істеуі барысында басым бағыттар: теориялық дайындықтың жоғары сапасы, аймақтың қажеттіліктерін есепке алу, оқытудың практикалық бағыты, жақын және алыс шетелдердің ұйымдары мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту, қос  дипломды білім беру, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы болды.

Оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ҚР АШМ, Егаѕмuѕ + халықаралық бағдарламалары мен гранттары және шаруашылық келісімшарт және бастамашылық тақырыптар шеңберінде орындалады.

ПОҚ және білім алушылар өздерінің ғылыми зерттеулері мен практикалық жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық құрылымдары: «Арқалық» ШҚ, «Мәмбетов и К» КС, «Аби-Жер» ЖШС, «Шағала Агро» ЖШС, «Леонов и К» ШҚ, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы институты» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС негізінде орындайды, өйткені бұл құрылымдар факультет кафедраларының әлеуметтік серіктестері және бөлімшелері болып табылады.

ЛОГО одағымен (ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік, Германия) және «Agros» компаниясымен (Польша) шетелдік практикалар мен білім алушылар мен ПОҚ тағылымдамаларын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық тиімді іске асырылуда.