Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Нур Ару» гендерлік клубы

Біздің елімізде дамушы, Президент қолдауына ие болған гендерлік саясат- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Гендерлік саяатты қолдау және гендерлік білімді дамыту мақсатында, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Нұр Ару» жастардың гендерлік клубы құрылған.

«Нұр Ару» клубының әрекеті психология, денсаулық, косметология, қаржы, қауіпсіздік, тамақ дайындайтын жетекші мамандармен кездесу, демалыс ұйымдастыру.

Клубтың әрбір мүшесі бірлестік жұмысына белсенді қатысады, өз ұсыныстарын ұсынады, сабақ тақырыбын айтады, клубтың басқару ісіне, әр түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б. қатысады.



Гендерлік клубтың жұмысы қыз-студенттердің құқықтарын қорғау, оларды қоғамдық-саяси әрекетте алға шығару, қыздар денсаулығын қамтамасыз ету үшін алдын-алу жұмыстарын жүргізу, психологиялық көмек көрсету, сонымен қатар, мәселелерді талқылау мен зерттеу.

Клубтың мақсаты – гендерлік саясаттың маңыздылығын арттыру, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат стратегиясын орындау.

Гендерлік клуб ұйымдастыратын іс-шаралар:

Университетте «Сіз гендерлік саясат туралы не білесіз?» атты студенттер сауалнамасы;
«Ата дәстүр - ұрпаққа өнеге» дөңгелек үстелі ұйымдастырып, Тайжанова М.М келіп өз ой пікірімен бөлісті.

Гендерлік клуб барлық қыздарды «Нұр Ару» жұмысына белсенді қатысуға шақырады.

Сұрақтар бойынша №6 оқу ғимаратының 214 кабинетіне келуге болады.