O Алтын Саруаровне Исмагуловой

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 1992-2014   жылдары еңбек етті

Исмагулова Алтын Саруарқызы 1949 жылы 11 ақпанда Курган облысының Лебежьевский ауданындағы Лесье ауылында дүниеге келді. 1968 жылы ОМ  бітіріп, Петропавл педагогикалық институтына түсті.

А.С.Ысмағұлова 1972 жылы Петропавл педагогика институтын бітірген соң, Святодуховка орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді. Жолдасының оқуына байланысты Волгоград қаласына көшіп, зауытта қызмет етті.

1977 жылдан бастап кешкі мектепте орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, кейін Мәскеу ауданының аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, Жамбыл ауданының аудандық білім беру бөлімінің инспекторы болып жұмыс істейді.  

1987 жылдан бастап Көкшетау қаласында №13 СПТУ-да тәрбиеші, ал кейін Көкшетау автомеханика техникумында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.

1993 жылы ҚарПИ филиалының қазақ, орыс және шет тілдері кафедрасына ассистент болып жұмысқа қабылданды.

1994 жылдан бастап қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, 2003 жылдан бастап қазақ тілі кафедрасының доценті болды.

2004 М.Қозыбаев атындағы СҚМУ экономика факультетінің деканы болып тағайындалды.

А.С.Ысмағұлова 30-дан астам мақаланың, «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Іскерлік қазақ тілі» пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары мен тест тапсырмаларының авторы. Оның авторлығымен экономика мамандықтарына арналған 10 оқу-әдістемелік құрал әзірленіп, баспадан шығарылды.

Алтын Сәруәрқызы білім беру ісіне қосқан көп жылдық жемісті еңбегі үшін:

  • Бірінші вице-министр Ғ.Мұтановтың Алғыс хаты (2002); 
  • Ректор грамотасы (2003); 
  • Тілдерді дамыту Басқармасы бастығының Алғыс хаты (2007);
  • Облыс әкімінің Құрмет грамотасы (2008), ҚР БжҒМ Грамотасы (2012);
  • Үлкен Алтын медаль (2012); 
  • СҚМУ ректорының алғыс хатымен (2014) марапатталды.