Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Ресей Федерациясы, Сугрут қаласында өткен жас зерттеушілердің I Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы

14-15 сәуірде Ресей Федерациясының Сургут қаласында "Еуразиялық мәдени кеңістіктегі орыс тілі" атты жас зерттеушілердің I Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ресей, Қазақстан, Словакия студенттері қатысты. "Орыс тілі: тарихы, қазіргі жағдайы және даму тенденциялары" секциясының жұмысында біздің кафедраның РЛ-20 тобының студенті Анастасия Чернышова баяндама жасады. Огркомитет халықаралық конференция жұмысының қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың жалғыз өкілін атап өттіп, III дәрежелі дипломмен марапаттады және біздің университетке конференция жұмысына қатысқаны және зерттеу нәтижелерін жоғары ғылыми деңгейде ұсынып, жас ғалымдарды дайындағаны үшін үлкен ризашылығын білдірді.
